Өлең - сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өлең - сөздің патшасы

Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасының сюжеттік-композициялық құрылысын талдау жасай отырып, тақырыбы мен идеясын ашады.

Бағалау критерийлері

  • берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре алады;
  • креативтіойларымен талқылауға белсенді қатысады;
  • ақпарат алмасу кезінде еркін сөйлейді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

сюжет пен композиция, құдайға бастайтын қақпа, нәпсіңді жең, іші тар, жеміт көз, ғибрат алыңыз.

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және айтылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Құндылықтарды дарыту

Жалпыадамзаттық құндылықтар:

  • адамгершілік, мейірімділік, әділдік;

Еліміздің құндылықтары;

  • рухани жаңғыру, ұлттық кодтың сақталуы.

Пәнаралық байланыстар

тарих, өнер

АКТ қолдану дағдылары

бейнекөрсетілімдер

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысады. Осы сабаққа белсенді қатысу үшін «Ескендір» поэмасының мазмұнын оқып келу тапсырылған болатын.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

Қызығушылығын ояту

«Кросеанс» әдісі арқылы берілген суреттерді байланыстырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.

Тыңдалым алды тапсырма:

  • Ескендір деген кім?
  • Поэма деген не?
  • Македония, Филипп патша деген сөздер сендерге қандай ой тастайды, қайдан естідіңдер?
  • Нәзирагөйлік дәстүрі деген не?

 Поэма – эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.

Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді

 

 Ескендір Зұлқарнайын немесе ІІІ Ұлы Александр (б.з.б. 356 ж.ш.-10 маусым б.з.б. 323 ж.ш.) — Аргеадтар (Теменидтер) әулетінен шыққан б.з.б. 336 жылдан бастап Ежелгі Македонияның патшасы, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі.

Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македониялық» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты.

 Осы Зұлқарнайын, яғни Македониялық патша да қазақ даласын жаулап алуға құмар болған көрінеді. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды.

 Македония Республикасы – Еуропаның оңтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 25,7 мың км². Халқының саны 2 млн-нан асады (2001). Астанасы – Скопье қаласы. Ресми тілі – македон тілі. Халықтың 65%-ын македондықтар, қалған бөлігін албандар, түріктер, цығандар, сербтер мен босниялықтар құрайды. Діни сенімі бойынша халықтың басым бөлігі —христиан-православтар, қалғандары – мұсылмандаp. Әкімшілік жағынан 30 ауданға бөлінеді. Конституциясы бойынша елді президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Македония 1993 жылдан БҰҰ-ға, 1995 жылдан НАТО мен Еуро одаққа мүше. Ақша бірлігі – денар.

Филипп II (382336 б. з. б. жж) – Б. з. д. 359 жыл басқарған ежелгі Македония патшасы, Еуропа жұрты Александр Македонский деп атап кеткен Ескендірдің әкесі. Ф. ірі мемл. қайраткері, қолбасшы әрі дипломат болған. Македонияны біртұтас мемлекетке біріктірген. Парсыларға қарсы соғыста өлген. Одан соң патшалық таққа 20 жасар баласы Ескендір Зұлқарнайын отырған. Өткен тарихты жетік білген Абай өзінің «Ескендір» дастанында бұл туралы «Филипп елді, Ескендір патша болды» деген дерек келтіреді.

Нәзира нәзирагөйлік (араб тілінен – жауап, ұқсату мағынасында) – Шығыс поэзиясында орта ғасырларда қалыптасқан әдеби үрдіс. Бір ақын жырлаған тақырыпты кейін басқа ақынның қайта жырлауы немесе алғашқы шығармаға екіншінің «жауап» қатуы. Бұл орайда бастапқы туындының сюжеті, кейіпкерлері, өлең ырғағы, ұйқасы, көркемдеу құралдары пайдаланылады.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-eskendir-poehmasy

Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

Мағынаны тану сатысы

Әдеби-теориялық ұғым

Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі, оқиғаның тұтас желісі.

Композиция (лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма) – көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция – құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым.

«Ескендір» поэмасының мазмұнымен танысады.

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-eskendir-poehmasy

ЖЖ. « Ескендір» поэмасын композициялық құрылымына талдау

1.Оқиғаның басталуы.

2.Оқиғаның байланысы

3.Оқиғаның шиеленісуі

4.Оқиғаның шарықтау шегі

5.Оқиғаның шешімі

Шығарманың композициялық құрылысы:

1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.

2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.

3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.

4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.

5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы:

Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.

‘Ф’ дұрыс/қатесін тексеру арқылы мұғалімнің кері байланысы.

Ж./С. «Ыстық орындық»

«Ыстық орындыққа» оқушылар белгілі бір рөлді таңдап отырады, мысалы, Ескендір патша. Оқушылар мәтін мазмұнына сай, Ескендір патшаға сұрақтар қояды.

1. Неліктен сіз көрші жатқан бейбіт елді шапқанды ұнатасыз?

Бағалау

Дескриптор:

  • суреттерге қарап шығарманың мазмұнын болжайды;
  • сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды;
  • берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре алады;
  • креативті ойларымен талқылауға белсенді қатысады;
  • ақпарат алмасу кезінде еркін сөйлейді.

Жаңа материалды бекіту

5 минут

Ж. «Төрт сөйлем» тәсілі. Сабақта алған ақпараты мен түйген ойы бойынша «Төрт сөйлем» тәсілін қолданып, қорытынды жасау.

«Төрт сөйлем» тәсілі.

1. Пікір. Поэмада көтерілген негізгі мәселе/ сабақта жасалған әрекеттер бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып/мәселе бойынша қорытынды шығарады.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Тазалық» ойыны.

Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:Шабадан (суреті), қоқыс жәшігі (суреті), еттартқыш (суреті)- Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды шабаданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу