Абай өлеңдері. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 5-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдері

Оқу мақсаты:

10.3. 2. 1 Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру

Сабақтың мақсаты:

Абай өлеңдеріндегі көтерілген мәселелерді бүгінгі күнгі мәселелермен салыстырып, жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға береді

Бағалау критерийлері:

Көркем шығармалардағы мәселелерді анықтай алады;

Бүгінгі мәселелермен салыстыра алады;

Сыни тұрғыдан баға береді.

1 –топ: Абай өлеңдеріндегі ғылым мен білімнің көрінісі

2-топ: Абай өлеңдеріндегі биліктің көрінісі

3-топ: Абай өлеңдеріндегі адамгершіліктің, тәрбиенің көрінісі

4-топ: Абай өлеңдеріндегі әділдік пен қиянат, жақсылық пен жамандық көрінісі

1 тапсырма. Әр топ өздеріне ұсынылған тақырыптар бойынша Абайдың өлеңдерін зерттейді (яғни қай өлеңі сол тақырыпқа негізделеді?) Төмендегі кестені толтыра отыра, өлеңдерді талдайды.

2-тапсырма. Жеке жұмыс.

«Автор орындығы» әдісі арқылы әр оқушы жеке-жеке Абай өлеңдеріне баға бере отырып, «Абайдың сөзден салған өрнегі» тақырыбында монолог жазып, ортаға шығып өз жұмыстарымен таныстырады.

 

Үлгі: Болашаққа өсиет айтып тұрған кейіпте (музыка естіліп тұрады).

Жақсылық пен жамандықты, əділдік пен қиянат

туралы білгің келсе, Абайды оқыңыз. Адамгершілік пен

арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе,

Абайды оқыңыз. Өлім мен өмір, адам жанының

қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды

оқыңыз. Тіршіліктің мəңгі сауалдарына жауап іздеп, он

сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды

оқыңыз.

Кері байланыс: «3-2-1»

3 негізгі ақпарат

2 маңызды факті

1 қорытынды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу