Өлең – сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 2-сабақ.


Сабақтың тақырыбы

Өлең - сөздің патшасы

Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы

Оқу мақсаты:

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасынан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады

Бағалау критерийлері:

поэмадағы қоғамдық мәселені анықтай алады;

ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады;

өз пікірін өмірмен байланыстырып талқылауға қатысады.

Қызығушылықты ояту

«Сұрақтар бәйгесі»

Поэма мазмұнын түсінгенін тексеру және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру мақсатында қойылатын сұрақтар

1. «Ескендір» поэмасында қандай мәселелер көтерілген?

2. Бүгінгі өмірмен байланысты қарастыратын болсақ, қандай мәселені көруге болады?

3. «Ескендір» поэмасының идеялық мазмұны, философиялық түйіні қандай?

4. Поэма авторының негізгі ойы қандай?

5. Поэманы тыңдаған/оқыған соң қандай ой түйдің?

Шығыстағы Ескендір Зұлқарнайын мен Абайдың «Ескендір» поэмасындағы ерекшеліктері:

Ескендір бейнесі жағымды болып бейнеленді.

Он сегіз мың ғаламды билеуші

Жер бетінде теңдесі жоқ әрі батыр, әрі қолбасшы ретінде суреттелді.

АқылшысыҚызыр.

Қай қаладан екені айтылмайды.

Абайда

Ескендір бейнесі қатал, тойымсыз, қанішер қолбасшы болып суреттеледі.

Ақылшысы – Аристотель

Македония шаһарынан екендігі айтылып, әкесі Филипп патша болғандығы баяндалады.

Салыстыра отырып талдау жасасақ:

Абай Құнанбаев жазған «Ескендір» поэмасындағы Ескендір бейнесі шынайы тарихтағы Александр Македонскийдің тұлғасы. Сюжетіне келсек те тарихи оқиғамен ұқсас. Сонда ұлы ақынның поэмасы реалистік әдіспен жазылған туынды екенін көрсетеді.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары» (Б.Блум бойынша)

Білімді игеруге бағытталған 6 қадам

1.Оқылған шығарма мазмұнын еске түсіру:

«Ескендір» поэмасы кім туралы? Қашан, қалай болды?

2.Оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойын түсіндіру:

Шығарманың ең қызық жері? Неліктен?

3.Қолдану: Сіз Ескендірдің орнында болсаңыз қайтер едіңіз? Әңгіменің тарихи негізі неде?

4.Талдау: Аристотельге тән қасиеттерді атаңыз.

5.Жинақтау: алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасау, оқиғаның себебі мен салдарының байланысын толық түсіну.

6.Бағалау: алынған ақпаратқа пікірталас жасай отырып, жеке өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, талдайды, қорытады, бағалайды.

Дескрипторлар:

Поэманың мазмұнын біледі;

Оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтайды;

Поэманың құндылығын анықтайды;

Аристотельге тән қасиеттерді атайды;

Поэмадағы оқиғалардың себебі мен салдарының байланысын толық түсінеді;

Поэма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Ойын қорытып, баға береді.

Ж/Т.

«Талдап білу»

Талқылаушы – «Ескендір» поэмасының мазмұны мен тақырыбын талқылайды.

Белгілеуші – поэманың мазмұны бойынша сұрақ дайындайды.

Байланыстырушы – поэманы тарихи шындықпен байланыстырады.

Топ шешені – көтерілген мәселені бүгінгі күндегі мәселелермен байланыстырады. Қатал, тойымсыз,қанішер қолбасшы Ескендірге ақыл берген хакім Аристотель әрекетіне талдау жасайды.

Қорытындылаушы – шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдап қорытындылайды.

Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасындағы:

Ақылсыз өзін мақтап былжырайды

Бойыңа өлшеп сөйлесең нең құрайды?

Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді

Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?! – деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?

Бағалау

Дескриптор:

поэмада көтерілген мәселелерді анықтайды;

бүгінгі өмірмен байланыстырады;

шағын көлемді мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттайды:

мәтіннің идеясы мен мазмұнын анықтайды;

автордың ойына баға береді.

поэмадағы қоғамдық мәселені анықтай алады;

ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады;

өз пікірін өмірмен байланыстырып талқылауға қатысады.

Рефлексия:

Бүгінгі сабақта алған ақпараттың алдағы өміріңізде пайдасы бар ма?

Сабақта қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?

Сізге қиындықты жеңу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу