Өлең – сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өлең - сөздің патшасы

Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасынан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады

Бағалау критерийлері

  • поэмадағы қоғамдық мәселені анықтай алады;
  • ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады;
  • өз пікірін өмірмен байланыстырып талқылауға қатысады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

сюжет пен композиция, құдайға бастайтын қақпа, нәпсіңді жең, іші тар, жеміт көз, ғибрат алыңыз.

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және айтылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Құндылықтарды дарыту

Жалпыадамзаттық құндылықтар:

  • адамгершілік, мейірімділік, әділдік;

Еліміздің құндылықтары;

  • рухани жаңғыру, ұлттық кодтың сақталуы.

Пәнаралық байланыстар

тарих, өнер

АКТ қолдану дағдылары

бейнекөрсетілімдер

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысады. Осы сабаққа белсенді қатысу үшін «Ескендір» поэмасының мазмұнын оқып келу тапсырылған болатын.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

«Сұрақтар бәйгесі»

Поэма мазмұнын түсінгенін тексеру және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру мақсатында қойылатын сұрақтар

1. «Ескендір» поэмасында қандай мәселелер көтерілген?

2. Бүгінгі өмірмен байланысты қарастыратын болсақ, қандай мәселені көруге болады?

3. «Ескендір» поэмасының идеялық мазмұны, философиялық түйіні қандай?

4. Поэма авторының негізгі ойы қандай?

5. Поэманы тыңдаған/оқыған соң қандай ой түйдің?

Идеясы: Қанағат пен жауыздықты әшкерелеу, әділет пен даналықты дәріптеу.

Түйінді ой: Абай бұл шығармасында адам бойындағы жаман қасиеттерді әшкерелейді.

Сабақтың мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

15 минут

Мағынаны тану

Мұғалім түсіндірмесі

Шығыстағы Ескендір Зұлқарнайын мен Абайдың «Ескендір» поэмасындағы ерекшеліктері:

  • Ескендір бейнесі жағымды болып бейнеленді.
  • Он сегіз мың ғаламды билеуші
  • Жер бетінде теңдесі жоқ әрі батыр, әрі қолбасшы ретінде суреттелді.
  • Ақылшысы – Қызыр.
  • Қай қаладан екені айтылмайды

Абайда

Ескендір бейнесі қатал, тойымсыз, қанішер қолбасшы болып суреттеледі.

  • Ақылшысы – Аристотель
  • Македония шаһарынан екендігі айтылып, әкесі Филипп патша болғандығы баяндалады.

Салыстыра отырып талдау жасасақ :

Абай Құнанбаев жазған «Ескендір» поэмасындағы Ескендір бейнесі шынайы тарихтағы Александр Македонскийдің тұлғасы. Сюжетіне келсек те тарихи оқиғамен ұқсас. Сонда ұлы ақынның поэмасы реалистік әдіспен жазылған туынды екенін көрсетеді.

Пікірлер :

  • Қ.Жұмалиев (1907-1968) дастанның мазмұнына тереңірек үніліп, «Абай «Ескендірді» жазғанда тек шығыс классикасын ғана емес, сонымен бірге Александр Македонский туралы тарихи шығармаларды да (Плутарх) пайдаланған», деген ой айтады.
  • М.С.Сильченконың мына пайымдауы назар аудартады: «Бәлкім, Абай өзінен бұрынғы ұлы ақындармен жарыса отырып, «нәзира» рухына беріліп қана қоймаған, Зұлқарнайын туралы мұсылман елдерінде таралған аңызға қарсы көркем туынды жасаған. Демек, ақынның өз шығармасын әңгіме (повествование) деп атауы тегін емес».
  • М.Әуезов Абайға «Ескендірді» жазу үшін Низами дастаны жеткіліксіз болғанын көрсеткен де, оның Еуропа әдебиетіндегі мағлұматтарды пайдаланғанын білдіреді. Бірақ, нақты қай шығарма екеніне нұсқамайды.
  • Профессор Ш.Сәтпаева (1930-2001) «Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы әдебиеттану ғылымында байсалды зерттеліп, дәлелді тұжырымдар айтылған. Алайда, бұл поэманы өзі тақырыптас кейбір туындылармен қатар салыстыра, байланыстыра зерттеу, «александрияға» қазақ ақыны қандай өзіндік үлес, тың түсінік, жаңа шешім қосып, дәстүр байытқанын анықтау — Абай асқан биіктің тағы бір қырын аша түсер еді».
  • Абай мұраларының қазақ, Шығыс, Батыс мәдениетімен табиғи түрде ұштасқандығының кезекті бір елеулі мысалы деуге тұрарлық сүйекті шығармасы «Ескендірдің» қысқаша тағдыры осындай. Осы поэма арқылы қалың қазақ өзінің рухани тарихында Александр Македонский туралы қазақша түсінік, тұжырым қалыптастырды, өзгенің жеріне, байлығына көз тігудің әділетсіз екеніне тағы да көз жеткізді. Ресей отаршылығының қасіретін тартқан қазақ халқының азаткерлік санасын оятуға қадам жасады.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары» (Б.Блум бойынша)

Білімді игеруге бағытталған 6 қадам

1.Оқылған шығарма мазмұнын еске түсіру:

«Ескендір» поэмасы кім туралы? Қашан, қалай болды?

2.Оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойын түсіндіру:

Шығарманың ең қызық жері? Неліктен?

3.Қолдану: Сіз Ескендірдің орнында болсаңыз қайтер едіңіз? Әңгіменің құндылығы неде?

4.Талдау: Аристотельге тән қасиеттерді атаңыз.

5.Жинақтау: алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасау, оқиғаның себебі мен салдарының байланысын толық түсіну.

6.Бағалау: алынған ақпаратқа пікірталас жасай отырып, жеке өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, талдайды, қорытады, бағалайды.

Бағалау

Дескриптор:

  • Поэманың мазмұнын біледі;
  • Оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтайды;
  • Поэманың құндылығын анықтайды;
  • Аристотельге тән қасиеттерді атайды;
  • Поэмадағы оқиғалардың себебі мен салдарының байланысын толық түсінеді;
  • Поэма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • Ойын қорытып, баға береді.

15 минут

Ж/Т.

«Талдап білу»

Талқылаушы – «Ескендір» поэмасының мазмұны мен тақырыбын талқылайды.

Белгілеуші – поэманың мазмұны бойынша сұрақ дайындайды.

Байланыстырушы – поэманы тарихи шындықпен байланыстырады.

Топ шешені – көтерілген мәселені бүгінгі күндегі мәселелермен байланыстырады. Қатал, тойымсыз,қанішер қолбасшы Ескендірге ақыл берген хакім Аристотель әрекетіне талдау жасайды.

Қорытындылаушы – шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдап қорытындылайды.

Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасындағы:

Ақылсыз өзін мақтап былжырайды

Бойыңа өлшеп сөйлесең нең құрайды?

Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді

Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?! – деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?

Бағалау

Дескриптор:

  • поэмада көтерілген мәселелерді анықтайды;
  • бүгінгі өмірмен байланыстырады;
  • шағын көлемді мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттайды:
  • мәтіннің идеясы мен мазмұнын анықтайды;
  • автордың ойына баға береді.
  • поэмадағы қоғамдық мәселені анықтай алады;
  • ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады;
  • өз пікірін өмірмен байланыстырып талқылауға қатысады.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

Бүгінгі сабақта алған ақпараттың алдағы өміріңізде пайдасы бар ма?

Сабақта қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?

Сізге қиындықты жеңу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

Оқушылармен кері байланыс жасалған соң, сабақ барысында қиындық туғызған тапсырмаларды қалай жеңіл орындауға болатын жолдары талқыланады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу