Өлең – сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 3-сабақ.


«FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F (дерек) – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;

I (пікір) – кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;

L (сұрақ) – кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;

A (іс-әрекет) – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет

Топтық бағалау.

  • шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинақтайды;
  • кейіпкер туралы өзінің ой-пікірін айтады;
  • кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар дайындайды;
  • автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілін табады.

І топ

«Үш түрлі күнделікпен» жұмыс

1-қадам. Поэмадағы кейіпкерлерді анықтап, мәтінмен танысады.

2-қадам. Мәтінді оқу барысында жеке күнделік толтырады.

Мәтіннен ерекше әсер еткен жолдар

Жеке түсінік беру: осы дәйексөзді не үшін жаздыңыз? Қандай ой туғызды? Соған байланысты қандай сұрақ туды?

«Мұғалімге хат» (сұрақтар)

3-қадам. Жұмыс нәтижесін топта талқылау. Шығарманың өздеріне ерекше әсер еткен үзінділерін мәнерлеп оқиды.

ІІ топ

«Шығармашылық матрица»

Мұғалім оқушыларға шығармадан бірнеше үзінді таратады. Оқушылар Ескендір мен Аристотель образы мен іс-әрекетін сипаттайтын тірек сөздерді матрицаға орналастырады. Олар осы сөздердің Ескендір мен Аристотель образын ашудағы нақты әсерін, автордың образ жасауда осы жолды неліктен таңдағанын талқылайды.

Мәселе

Кімге?

Қайда?

Оқушылар берілген мәселені шешуде ең дұрысырақ жауаптарды басқа топтарға таныстырады. Өз жұмыстарын сыни бағалайды.

ІІІ топ.

«Кейіпкерді зерттеу»

Оқушылар шағын топтарда поэманың кейіпкерлерін тану, зерттеу тапсырмаларымен жұмыс жасайды.

1. Ақынның кейіпкерді суреттеуі, олардың портреттері;

2. Кейіпкердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі,

3. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;

4. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы;

5. Кейіпкер бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттер тізбесін жасау.

Топтық бағалау.

Дескрипторлар

  • Поэмадағы кейіпкерлерді зерттейді;
  • Өздеріне тән ерекшеліктерін танып біледі;
  • Кейіпкерге талдау жасайды;
  • Құндылықтармен байланыста қарайды;
  • Шығармаға өз көзқарасымен бағасын береді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу