Өлең – сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: 3 | Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Өлең - сөздің патшасы Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | «Ескендір» поэмасындағы кейіпкерлер жүйесін жинақтап, өздеріне тән ерекшеліктерді айқындайды. | |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология: тура мінездеу, жанама мінездеу Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жалпыадамзаттық құндылықтар:
Еліміздің құндылықтары;
| |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, өнер | |||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысады. Осы сабаққа белсенді қатысу үшін «Ескендір» поэмасының мазмұнын оқып келу тапсырылған болатын. | |||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылықты ояту ТЖ. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасының мазмұнын еске түсіру «5 қадам» ойыны. Әр топтан өз қалауымен бір оқушыдан шығып, мұғалім тарапынан қойылған сұраққа жылдам 5 рет қадам жасап, 5 түрлі жауап айтады. Сұрақтар: 1. Поэмадағы өзіңе ерекше әсер еткен 5 сюжетті сипатта. 2. Ескендірге 5 сөзбен мінездеме бер. 3. Аристотельге 5 сөзбен мінездеме бер. 4. Поэмада көтерілген 5 мәселені ата. 5. Поэманың түйінді ойына 5 сөз тіркесін келтір. Сабақта қалыптастыратын дағды мен оқу мақсатын таныстыру. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут | Мағынаны тану Ж/Ж. Кейіпкер портреті Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.
Поэмадағы Ескендір тарихта болған атақты Александр Македонский патша екенін білеміз. Ол – өз заманында бүкіл әлемді жаулап алуды мақсат еткен қанішер патшалардың бірі. Абай Александр Македонский туралы орыс әдебиетін оқу арқылы танысып, оны қазақшалап отырып, дастан жазады. Ұлы Абай поэмада Ескендірдің зұлымдығын, қатыгездігін айта келе, оны тоқтатын бір күш іздейді. Ол күш – ұлы ғұлама Аристотель.
Т. «FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады. F (дерек) – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау; I (пікір) – кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі; L (сұрақ) – кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар; A (іс-әрекет) – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.
Топтық бағалау.
| |||||||||||||||||||||||||||||
15 минут 5 минут | І топ «Үш түрлі күнделікпен» жұмыс 1-қадам. Поэмадағы кейіпкерлерді анықтап, мәтінмен танысады. 2-қадам. Мәтінді оқу барысында жеке күнделік толтырады.
3-қадам. Жұмыс нәтижесін топта талқылау. Шығарманың өздеріне ерекше әсер еткен үзінділерін мәнерлеп оқиды. ІІ топ «Шығармашылық матрица» Мұғалім оқушыларға шығармадан бірнеше үзінді таратады. Оқушылар Ескендір мен Аристотель образы мен іс-әрекетін сипаттайтын тірек сөздерді матрицаға орналастырады. Олар осы сөздердің Ескендір мен Аристотель образын ашудағы нақты әсерін, автордың образ жасауда осы жолды неліктен таңдағанын талқылайды.
Оқушылар берілген мәселені шешуде ең дұрысырақ жауаптарды басқа топтарға таныстырады. Өз жұмыстарын сыни бағалайды. ІІІ топ. «Кейіпкерді зерттеу» Оқушылар шағын топтарда поэманың кейіпкерлерін тану, зерттеу тапсырмаларымен жұмыс жасайды. 1. Ақынның кейіпкерді суреттеуі, олардың портреттері; 2. Кейіпкердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі, 3. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер; 4. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы; 5. Кейіпкер бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттер тізбесін жасау. Топтық бағалау. Дескрипторлар
Топтар ортаға шығып, өз жауаптарымен таныстырады. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс/Рефлексия «3Қ" Не қызық? Не қажет? Не қиын? | |||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?