Өлең – сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: 4 | Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||
Сынып: 10-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Өлең – сөздің патшасы Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы | |||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.2.4.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу; 10.3.3.1 - шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. | |||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | «Ескендір» поэмасындағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазады. Шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | 10.2.4.1 бойынша:
10.3.3.1 бойынша:
| |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология: сюжет пен композиция, құдайға бастайтын қақпа, нәпсіңді жең, іші тар, жеміт көз, ғибрат алыңыз. Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жалпыадамзаттық құндылықтар:
Еліміздің құндылықтары;
| |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, өнер | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылым | |||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысады. Осы сабаққа белсенді қатысу үшін «Ескендір» поэмасының мазмұнын оқып келу тапсырылған болатын. | |||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылығын ояту «Миға шабуыл» стратегиясын қолдана отырып, үй тапсырмасына дайындық дәрежесін білу 1. Абай Құнанбаевтың қандай шығармаларын білесіздер? 2. Поэманың негізгі тақырыбы не? 3. Поэманың идеясы қандай? 4. Басты кейіпкерлері кімдер? 5. Олардың тағдырлары арқылы не айта аласыңдар? Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстыру. | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут | Мағынаны тану Ж. Оқушылар «Түсіндірме күнделік» бойынша жұмыс жасайды.
Оқушылар автор қолданған сөздердің кейіпкерді бейнелеудегі әсерін талқылайды «Төрт сөйлем» тәсілі. Т. 1. Пікір. Поэманың идеясы немесе көтерілген мәселе бойынша өзіндік пікірлерін бір сөйлеммен жазады. 2. Дәлел. Өз пікірлерін бір сөйлеммен дәлелдейді. 3. Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Пікір негізінде қорытынды шығарады. Өзара бағалау. Оқушылар:
| |||||||||||||||||||
20 минут | Т. Сұрақ-жауап әдісі 1. Абайдың ойынша халықты қандай адамдар басқару керек? 2. Поэмадан қандай қорытынды шығаруға болады? 3. Бүгінгі күннің өзекті мәселесімен байланыстыруға бола ма? РАФТ стратегиясы
Сабақ соңын поэманың соңында айтылған Абайдың өз сөзімен аяқтау. Ақылсыз өзін мақтап былжырайды, Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды? Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді, Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?! Поэмадан қандай тәрбие алғандығы туралы ойларын қорытады. Топтық бағалау. Дескриптор.
| |||||||||||||||||||
Жаңа материалды бекіту 5 минут | Тест тапсырмалары 1. Ескендір патшаның әкесінің аты – A) Фернандо B) Филипп C) Филберта D) Финдабайр 2. Абайдың «Ескендір» поэмасында адамның қандай қасиеті әшкереленетінін белгілеңіз. A) ашкөздік B) қызғаншақтық C) жағымпаздық D) қорқақтық 3. «Ескендір» поэмасында «сылдыр қаққан мөлдір бұлақтың» қасиетін қандай заттың көмегімен анықтайтынын табыңыз. A) бас сүйегімен B) кепкен балықпен C) топырақпен D) алтынмен 4. Құпия қақпадан патшаға берілген сый – A) алтын-күміс B) қару-жарақ C) адамның бас сүйегі D) таразы 5. Таразы басындағы бас сүйектен басым түскен не нәрсе екенін көрсетіңіз. A) қару-жарақ B) алтын-күміс C) кепкен балық D) бір уыс топырақ 6. Абайдың «Ескендір» поэмасының ғибраты – A) көрсеқызар, ашкөз, мақтаншақтықтан сақ болу B) жағымпаз, жарамсақ болудан сақ болу C) өркөкірек, тәкаппар болудан сақтану D) есер, әсіреқызыл, әсемпаз болудан сақтану 7. «Ескендір» поэмасын жазуда ақын шығыс әдебиетінің қандай дәстүрін қолданғанын белгілеңіз. A) уәзін B) мәснауи C) нәзира D) ғаруз 8. Кімнің сөзі екенін анықтаңыз. Ақылсыз өзін мақтап былжырайды Бойыңа өлшеп сөйлесең нең құрайды? Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?! A) Аристотельдің B) Ескендірдің C) қақпа күзетшісінің D) автордың 9. Абайдың «Ескендір» поэмасы қалай аяқталатынын белгілеңіз. A) Ескендірдің Аристотельді жазалауымен B) авторлық ғибратпен C) патшаның жаңа жерді жаулауымен D) патшаның жаңа жорығымен 10. Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) туралы жазған шығыс шайырлары – A) Қожа Хафиз, Физули B) Фирдоуси, Низами, Науаи C) Сағди, Шамси, Сайхали D) Омар Хаям, Жәми | https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-eskendir-poehmasy | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс «3-2-1» Сабақта алған 3 маңызды ақпарат Қиындық келтірген 2 мәселе Сабақта ұнаған 1 аспект | |||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?