Өлең - сөздің патшасы. Отыз үшінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: 1 | Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Өлең - сөздің патшасы Отыз үшінші қарасөз | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.2.2.1 – шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы айқындау. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар Абай Құнанбайұлының отыз үшінші қарасөзіндегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы айқындайды. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология: Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Қолөнер, кесел, талапсыздық, еріншектік, салдау-салғырттық, кербездік, тамыршылдау Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Диалог және айтылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жалпыадамзаттық құндылықтар:
Еліміздің құндылықтары;
| ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | тарих, өнер | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | бейнекөрсетілімдер | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар Абай Құнанбайлының өмірі мен шығармашылығымен танысады. Осы сабаққа белсенді қатысу үшін отыз шінші қарасөзімен танысып келу тапсырылған болатын. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылығын ояту «Кросеанс» әдісі арқылы берілген суреттерді байланыстырып, сабақтың тақырыбын анықтайды. «Зымыран сұрақтар» арқылы сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды. Суреттер не мақсатпен көрсетілді? Суретттерден қарасөзде көтерілген қандай мәселені байқай алдыңыздар? Суреттерден қандай өзекті мәселені анықтадыңыздар? Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау. | https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/abajdyng-otyz-ushinshi-qarasozi | |||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 10 минут | Мағынаны тану сатысы Жеке жұмыс Сатылай кешенді талдау. «Отыз үшінші» қарасөзі Авторы: Тақырыбы: Идеясы: Қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері: Түйіні: Оқушылардың жауабымен салыстыру Авторы: Абай Құнанбаев – қазақтың бас ақыны, ойшыл, сазгер, аудармашы. Тақырыбы: Ел мінезін сынау. Жаманнан жирену, жақсыдан үйрену. Жанры: проза (қара сөз)Идеясы: мақтансүйгіштікке, салғырттыққа салынбау, өнерді сүю, адал мал табу, адам болу... Қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері: Талапсыздығы. Еріншектігі. Мақтаншақтығы. Тамыршылдау келетіні. Түйін: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! Топтық жұмыс «Рөлдерді үлестіру» әдісі арқылы қарасөзді төмендегі рөлдерге еніп талдайды: Талқылаушы – мәтіндегі даулы мәселені түсініп, қазақтардың кеселдерін талқылауға ұсынады. Зерттеуші – мәселенің шығуы мен салдарын зерттейді. Сарапшы – туындаған даулы мәселедегі қарама-қайшылықтарды сараптайды. Байланыстырушы – көтерілген мәселені эмоциясын кіріктіріп, қазіргі өмірмен байланыстырады. Қорытындылаушы – пікірін дәлелдеп, эмоциясын білдіріп мәселенің шешу жолдарын ұсынады. Топтық жұмыс «Фишбоун» əдісі. Оқушыларға балық қаңқасын ұсынып, қарасөзден көтерілген мәселені анықтау, себептерін табу, дəлелдеу, қорытынды жасау тапсырылады. Балықтың басы: көтерілген мәселе; Қабырғалары: себеп-салдары; дәлелдері Құйрығы: мәселені шешу жолдары Талдау қорытындылары сынып алдында талқыланады. Көтерілген мәселе: кедей қайдан шығады? Себептері: жалқаулық Дəлел: керегеге сабау шаншып, бөркін ілген, бет-аузын мың құбылтқан, қу борбай жылпос. Қорытынды: Адасқанына қарамай, алдым жөн деп, артында көмескі соқпақ қалдырып, бүкіл қоғамға зардабын тигізетін зиянды құбылысты бар болмысымен əшкерелейді. Топтық бағалау. Дескриптор:
| ||||||||||||
Жаңа материалды бекіту 5 минут | Сабақта алған оқушылардың білімін тиянақтау. 1. Абайдың отыз үшінші қарасөзінде не туралы айтылатынын көрсетіңіз. A) халықты сынап, күлкі қылу B) мал қамын сөз ету C) қолөнерге қабілеті бар қазақтың кемшілігін сынау D) қазақ мақалдарын жоққа шығару 2. Отыз үшінші қарасөз қалай басталатынын белгілеңіз. A) «Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді...» B) «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек» C) «Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім» D) «Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп...» 3. Тиісті сөз тіркесін қойыңыз. Мал жұтайды, ... A) ақыл солмайды B) көңіл толмайды C) өнер жұтамайды D) ниет озбайды 4. Отыз үшінші сөзде Абай қазақтың әулиесі деп кімді айтатынын табыңыз. A) өнерін асырып бағалай білген жанды B) алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнершіні C) тамыршыл қолөнершіні D) көптің қолынан келмейтін өнерді игерген адамды 5. Отыз үшінші сөзде Абай қолынан өнер келетін қазақтардың қанша «кеселін» санамалап беретінін белгілеңіз. A) 4 B) 2 C) 5 D) 3 6. Отыз үшінші сөз қалай аяқталатынын көрсетіңіз. A) Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай? B) «...ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек» C) «...салғырттың иманы бар деп болмайды» D) «Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек» 7. Отыз үшінші сөздегі «борыш» сөзінің мағынасын белгілеңіз. A) саяхат B) қарыз C) сезім D) арыз 8. Тиісті сөзді қойыңыз. Егер де мал керек болса, ... үйренбек керек A) даналық B) сауда C) қулық D) қолөнер 9. Отыз үшінші сөзінде Абай халықты қандай болуға шақырғанын көрсетіңіз. A) қатал, өзімшіл болуға B) жағынып өмір сүруге C) пысық, қу болуға D) адал еңбекпен мал табуға 10. Отыз үшінші сөзде айтылатын «ісмер» сөзінің мағынасын көрсетіңіз. A) шебер B) құрмет C) жылдам D) жақсы | https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/abajdyng-otyz-ushinshi-qarasozi | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «Тазалық» ойыны. Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:Шабадан (суреті), қоқыс жәшігі (суреті), еттартқыш (суреті)- Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды шабаданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар). | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?