Өлең - сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Он жетінші қарасөз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 4-сабақ.


ОЙТҮРТКІ

Дана данышпанның жомарттығы

Аты жаһанға мәшһүр данышпандардың бірі достарымен қала қыдырып жүріп, пойызына кешігіп қалады. Әрең дегенде қуып жетіп, енді міне бергенінде, аяғындағы аяқ киімінің бір сыңары шешіліп, түсіп қалады. Бұл кезде жерге қайта түсіп алу мүмкін емес еді. Себебі, жүйткіген темір тұлпардың жылдамдығы сәт сайын күшейіп келеді. Жанындағы жолдастары

енді қайтер екен?" деп тұрғанда, данышпан аяқ киімінің екінші жұбын шешіп алып, анау алғашқысы түсіп қалған жаққа қарай лақтырып жібереді.

Данышпанның мына қылығына түсінбеген біреуі шыдай алмай: "Неге бұлай жасадыңыз?" деп таңғала сұрайды. Оған күле қарап оқымысты былай деп жауап береді: "Теміржолды паналаған бір пақыр аяқ киімнің бір жұбын тауып алса, екіншісін де тауып кисін", — дейді.

Дара сыңарының өзіне керегі болмайтынын ұғынып, өзінен гөрі бір жарлыға көмек болатынын түйсінген данышпанның даналығы өзгелерге үлгі болды.

Болған оқиға

Институттан қайтып келе жатсам, метроның жанында бір ақсақалға көзім түсті. Соғыс ардагері екен. Алдына жайған орамалға соғыстағы ерлігі үшін таққан медаль, ордендерін самсатып қойыпты. Қу тіршілік тамақ үшін соғыстан бері серігі болған бар жақсысын саттыра бастаса керек.

Жанына жетіп бардым да, әмиянымдағы барлық ақшамды салдыр-гүлдір еткізіп, алдына тастай салдым. «Ата, мына ақшаны алыңыз да, ерлігіңіз бен арыңыздың құнына жете алмайтын адамдарға бұл байлықты сатпаңыз», - дедім.

Көзіне жас алған ата: «Рахмет, қызым» », - деп бар медалін жинап, түйіншекке түйді де, сыртынан сүйіп қойды. Мұндай сәттерде бір өзім бүкіл әлемді өзгерте алатындай болып кетем. Үміт оты оянады.   

Аружан Саин

БӨЛІМ: ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ

ОН ЖЕТІНШІ ҚАРАСӨЗ

Тапсырма 1.

Өзіндік пікір

Топта «ақыл», «ғалым»,

«қайрат», «жүректің»

айтқандарын естеріңізге

түсіріп, пікір алмасыңыздар.

Тапсырма 2.

Тапсырмамен танысып, бағалау дескрипторларын құрастырыңыздар

1-топ

Төмендегі үзіндіні ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, пікірлеріңізді ментальді карта түрінде ұсыныңыздар.

Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол – менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой мансапты еңбексіз табуға болады. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті.

Тапсырма 3.

“ШАТАСҚАН ОҚИҒАЛАР ТІЗБЕГІ”

Ақыл айтыпты: «Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой мансапты еңбексіз табуға болады. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті.

Жүрек айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» – депті.

Онан соң Қайрат айтыпты: «Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті.

Тапсырма 4.

СҰРАҚТАР ҚОРАБЫ

1.Әр топ талданған мәтін бойынша бір үздік ойды

таңдап алып, стикерге сұрақ жазады да,

«Сұрақтар қорабына» салады.

2. Топтар бір – бір сұрақтан таңдап, сұрақтарды

сыни тұрғыдан талдап, жауап береді.

К Е Р І Б А Й Л А Н Ы С

Р Е Ф Л Е К С И Я



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу