Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 1-сабақ.


Топтастыру

Өлең өлшемінің атауы

Білдіретін мәні

Шумақ

өлең сөзде бірнеше тармақтың белгілі ретпен топтасуы. 

кемінде төрт жолдан (кей жағдайда екі немесе алты т.б.) құралып, аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіретін өлең бөлшегі. Мысалы:Қалаул(ы) ақын бола алдым ба,Қалың қауым күнде тыңдар!Аңқылдаған ел алдында,Азаматтық міндетім бар.(Қ. Мырза Әли. «Парыз»)

Тармақ

өлеңнің әрбір жолы. Оның ішінде бірнеше *бунақ* болады

Бунақ

өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы.

Буын

Негізгі белгілері: 1) дауысты дыбыссыз Буын болмайды; 2) дауысты дыбыстың өзі де Буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.). Бір Буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша Буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп); 4) Буында мағына болмайды.

Ұйқас

өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі. Өлең кемінде екі жолдан тұруы керек. Мысалы:Ана тілің – арың бұл, - аҰятың боп тұр бетте. - бӨзге тілдің бәрін біл,- аӨз тіліңді құрметте! - б

3 бунақ, 11 буын

О, туған жер, /кеңпейіл,/ құшағың кең,/

2 бунақ, 8 буын

Түтін шалған/ /отты көз/

Еңбекке төніп/ /үңіліп, 

Аралас буынды өлең

Кейбір өлең шумақтарын алсақ, бунақ саны да, буын саны да айнымалы келеді. Бастапқы екі жолы екі сөзден құралған 5 буынды бір бунақты болып келеді де, 3-жолы екі бунақты буын болады. 4-5 жолы тағы бір бунақ 6 буын боп келеді де, 6-жолы тағы сегіз буынға тоқтайды. 7 – 8 жолдарының екеуі де екі бунақты 8 буынды болады

Өлең өлшемі – біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын өрнек. Өлең өлшемінің негізгі атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне грек, рим әдебиетінде бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезектесуі арқылы жасалған. Араб, парсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең өлшемі қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды. Тармақта буын саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді. Мысалы, алты буынды тармақта екі бунақ болады (3 буын + 3 буын). Поэзияда орныққан өлең өлшемдері ауызекі тілде күнделікті айтылатын сөзге тән ырғақтың ең жеңіл, ықшам түрлерін саралап, екшеп, соларды бір жүйеге түсіру негізінде жасалған. Қазақ поэзиясында аралас буынды өлең өлшемдері де жиі қолданылады. Абайдың “Сегіз аяғы” осындай үлгімен жазылған. Мұнда 5 және 7 – 8 буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп отырады. Өлең өлшемі сөздердің тек сыртқы өрнегі ғана емес, ол ойдың өрістеуі, сөздердің мағыналық өзара байланысына, қиюласуына орайлас келеді. Балалар, бұл өлең біз бұрын өткен Абай өлеңдерден өзгеше екенін көріп отырсыңдар. Себебі «Сегіз аяқ» өлеңіне Абай тыңнан қосқан шумақ өрнегін көріп отырмыз. Өлеңнің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген.Шумақ 5 - 8 буынды, тармақтары жүйелі түрде үйлесіп, араласып түзілген. Алдыңғы 6 тармақ тезис есебінде болса, соңғы 2 тармақ ақындық ой қорытылады. Бұл өлең қазақ поэзиясында жаңа туынды.«Сегіз аяқ» өлеңінің өлшемін, шумақтың өрнегін Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов т. б. ақындар да қолданған.«Сегіз аяқ» өлеңі - өз заманындағы өмір шындығы көрсетілген өлеңдерінің бірі.Абай өзінен бұрын ешкім таппаған қиын ұйқасты шебер түрлендіріп, әдейі арнап ән де шығарған.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы

Критерийлер

Рубрикатор

Төмен

Өлеңнің мазмұнынын түсінеді.

өлеңнің сюжеттік-композициялық құрылысын талдайды

өлең құрылысы арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді.

Өзгенің жқмысына пікір айта алады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу