Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1-сабақ.


Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңі

Оқу мақсаты:

10.1.1.1. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну.

Cабақ мақсаты:

Өлеңнің сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді.

Бағалау критерийлері:

Проблеманы айқындау кезеңі:

Сұрақ:

Абайды реформатор дейді. Неге?

«Сегіз аяқ» өлеңінде қазақ поэзиясына енгізген қандай жаңалық бар деп болжам жасар едіңіздер?

Өлеңде қандай қарама –қайшылықтар сөз болады деп ойлайсыз?

Абай қандай құндылықтарды насихаттайды?

Өлең неге «Сегіз аяқ» деп аталған?

https://www.youtube.com/watch?v=QI94Ui1my_0

Алтынай Жорабаеваның орындауында «Сегіз аяк» әнін тыңдайды.

Тапсырма

Әдебиет теориясы бойынша берілген өлең өлшемі туралы теориялық мәліметті білдіретін мәнімен сәйкестендіріңіз. (Ескерту: төмендегі кесте қима қағаздар түрінде беріледі. Оқушылар жұпта сәйкестендіріп, бір жұпты екінші жұп дұрыс нұсқасымен тексереді. Топқа беруге де болады) 3 мин.

Тапсырма

Оқушылар зерттеуші ретінде жұпта жұмыс жасайды.

ЖЖ 1-қадам 7 мин

«Сегіз аяқ» өлеңін түсініп оқыңыз.

Өлеңнің сюжеттік-композициялық құрылысын зерттеңіз. Ол үшін сұрақтарды талқылап, қысқаша жауап беріңіз.

2-қадам

Зерттеулеріңіздің қорытындысын қарсы жұппен алмасып, дұрыс нұсқасымен тексеріңіздер. 2 минут. Баға беріп, ұсыныс айтыңыздар.

Идеясын өзге жұппен бірлесіп талқылап, топтың әзірлеген нұсқасын А3 парағына жазып, тақтаға іліңіздер. 2 минут.

Дескриптор

9 сұрақтың 6-7-не дұрыс жауап береді.

Идеясын өзге жұппен бірлесіп талқылап, ортақ идея шығарып жазады.

3-қадам 13 минут

 

Абай өлеңінің идеялық мазмұнын ашу үшін әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Оқушылар ұсынылған жазылым жұмысын 7 -8 минут орындап, жұмыстарын сынып бөлмесінің қалаған жеріне іліп, «Галереяда ой шарлау» стр. бойынша аралап жүріп оқиды, өз пайымдауларын жасайды. Өзі қалаған жұмыстарға стикерге пікірін жазып (тілегі мен ұсынысын жазып), апарып жапсырады.

Тапсырмалар:

 

№1-топ

Зерттеуші Рәбиға Сыздықова айтқан төмендегі пікірді өз ойларыңызбен сабақтастыра отырып, жалғастырып жазыңыздар: «Бұл өлеңде сөз болатын орта қарама-қарсы екі полюстен тұрады: ..................». [3] Олар кімдер? Қандай адам образын сомдаған? Қандай адамның сипаты мен мінезін ашқан? Ақынның түйінді ойынан шығатын салдарларға баға беріңіз. 60 сөзден тұратын пайымдау эссесін жазыңыздар.

№2- топ

Ақын насихат ететін құндылықты қазіргі кездегі маңыздылығына баға беріп, оның өзіңіз, отбасыңыз және қоғам үшін пайдасын пайымдап, «Біріңді қазақ, бірің дос...» деген атпен шағын эссе жазыңыз.

№3- топ

«...Мен өз өмірімде оған жетпеспін... көрмеспін, ол күнді. Бірақ алда заман қатты өзгеріп, қауым мүлдем басқаша дәурен жасар. Басқа заңдар туғызып, үлкен ырысқа түгел халық болып еріскен күндер болар. «Сол болашақ үшін бір шөмшектей, бір ғана кірпіштей болса да кесек қалап кетсем, армансызбын» дегендеймін. ... мен өзіме ең «ақыл заман», «жақын заман» алдымда қол созып тұрғандай көремін... Халқыңды, қауымыңды соған әзірлей беруді ғана біл дегім келеді!- деді» (208-бет) [5] деген М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Ұлы Абайдың сөзін өлеңнің идеясымен байланыстырып, «Мен аңсаған заман...» деген тақырыпта ақынның атынан естелік жазыңыз.

№4- топ

Р.Сыздықованың «Сегіз аяқтағы» әр шумақтың соңғы екі жолының көбі бұл күнде афоризмге айналған түйіндеулер...» [3] деген пікірін өз ойыңызбен сабақтастырып Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің өлшемі жайлы, ақын ойының маңызы жайлы талқылап, «Абай - қазақ поэзиясының реформаторы (жаңалық енгізген ақын)» деген тақырыпта 60 сөзден тұратын пайымдау эссесін жазыңыздар.

№5- топ

Ақынның күйіну қапалану себептерін ашып, өз көзқарасыңызды білдіріп, бауырмалдық пен жанашырлық сезімінің өлеңдегі көріну сипатына талдау жасап, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» деген тақырыпта шағын (50-60 сөз) ой-толғау ұсыныңыздар.

Дескриптор:

Абай өлеңінің идеялық мазмұнын ашу үшін шағын жазылым жұмысын орындайды.

Ұсынылған тақырып бойынша ой өрбітіп жаза алады.

Жұмыстарын өзгенің оқуына ұсынады, өзгенің жұмысымен танысады, кемінде 3-4 жұмысқа қатысты өз пікірін білдіреді.

 

Кері байланыс:

Қай тапсырма түрін талапқа сай орындай алдыңыздар?

Қайсысы қиындық туғызды?

Бағалау. Оқушылар бағалау парағы арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы

Рефлексия

3-2-1

Сабақта алған

3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2 мәселе

Сабақта ұнаған 1 аспект

Үйге тапсырма:

Сегіз аяқ» өлеңіндегі афоризмдерді жаттау және осы өлең туралы жазылған Р.Сыздықованың зерттеуімен оқып танысу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу