Абай Құнанбайұлы «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Абай Құнанбайұлы

«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі

Оқу мақсаты:

10.1.1.1. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну. 10.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдарының қызметін талдау.

Cабақ мақсаты:

Өлеңнің сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді.

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдарының қызметін талдайды.

Бағалау критерийлері:

Ұйқас туралы оқып, жұпта талқылайды.

 

«Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп, – деп жазды академик Қ. Жұмалиев, – бірақ ең негізгісі және көп қолданылатындары мыналар:

1) қара өлең ұйқасы (ааба),

2) шұбыртпалы ұйқас (аааа),

3) ерікті ұйқас (абвгб),

4) кезекті ұйқас (абвб),

5) шалыс ұйқас (абаб),

6) егіз ұйқас (аабб),

7) аралас ұйқас (аабвбвббб),

8) осы күнгі ерікті ұйқастар (абабвгд)».

Қазақ тіліндегі өлеңдерде жиі кездесетіндері – қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас және шалыс ұйқастар. Қара өлең ұйқасы, әсіресе, халық әндерінде кеңінен қолданылған:

Астыма мінген атым Бұқпа қара,

Шаң тисе, ақ бетіңе – ыққа қара.

Аулыңның сырт жағынан ән салайын,

Даусымды танымасаң, шық та қара!

Сұрақ:ЖЖ

2-тапсырма

Өлеңді түсініп оқыңыздар.

Түсініксіз сөздердің мағынасын ашып жазыңыз, түсіндірме сөздікті пайдаланыңыз.

Өлеңдегі лирикалық кейіпкер сезімін талдап, автор көтерген мәселені жұпта талқылаңыз.

Өлеңнің құрылысын (шумақ, буын, бунақ, тармақ, ұйқас) талдаңыз.

Дескриптор:

өлеңді түсініп оқиды;

Абай өлеңінің идеялық мазмұнын ашу үшін сөздік жұмысын орындайды;

өлеңдегі лирикалық кейіпкер сезіміне қатысты қолданыстардың кемінде 4-5 түрін талдайды;

автор көтерген мәселені жұпта талқылайды;

өлеңнің құрылысын (шумақ, буын, бунақ, тармақ, ұйқас) талдайды.

Тапсырма

«Кубизм» әдісі

 1-топ Байланыстыр. Абай сынға алған заман адамының құндылыққа қайшы мінез –құлықтарын сипаттау үшін қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдардың қызметін талдап, қазіргі өмірдегі келеңсіздіктермен байланыстыр. Ойларыңызды «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыздар.

2-топ Салыстыр. Метафоралық қолданыстар мен эпитеттік қолданыстарды теріп жазып, екі түрлі көркемдік қолданыстардың автордың негізгі ойын жеткізудегі маңыздылығын салыстырыңыздар. «Венн диграммасы» түрінде ұсыныңыз.

3-топ Зертте. Өлеңдегі құндылыққа қайшы келетін кереғар ұғымдарды зерттеп, идеясын анықтаңыздар. Идеялардың ұлттық мүддені қорғауда алатын орнына баға беріңіздер, «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыз.

 

4-топ Қолдан. Шығармадан қоғам өміріндегі келеңсіздікті танытатын метафоралық және эпитеттік қолданыстарды теріп алып, монолог немесе ой толғауға негізгі тірек сөз ретінде қолданып, дамытып жазыңыз.

5-топ Дәлелде. Абай өлеңінің өміршеңдігін дәлелдеп, Абай шығармашылығына қызығушылықты арттыру мақсатында, шығармадан кем дегенде (антонимдік сипаттағы қолданыстарды да) 5 эпитеттік қолданысты ұғымды пайдаланып креативті жарнама әзірлеңіз.

 

6-топ Талда. Өлеңдегі Абайдың нақыл сөздерін талдап, идеялардың ұлттық мүддені қорғауда алатын орнын баға беріп сызба, кесте түрінде ұсыныңыз.

Дескриптор:

Абай өлеңіндегі көркемдегіш құралдарды тауып, идеялық мазмұнын ашудағы орнына баға береді;

Автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды;

Ойын ұсынылған сызба түрінде жеткізеді.

 

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы

Кері байланыс:

Қай тапсырма түрін талапқа сай орындай алдыңыздар?

Қайсысы қиындық туғызды?

Бағалау. Оқушылар бағалау парағы арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды.

Синквейн

- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)

- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)

- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)

- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.

- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы

Рефлексия

3-2-1

Сабақта алған

3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2 мәселе

Сабақта ұнаған 1 аспект

Үйге тапсырма:

Сегіз аяқ» өлеңіндегі афоризмдерді жаттау және осы өлең туралы жазылған Р.Сыздықованың зерттеуімен оқып танысу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу