Абай Құнанбайұлы «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті
Сабақ: | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: Исина Б.Қ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім/ сабақтың тақырыбы | Абай Құнанбайұлы «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқыту мақсатына сілтеме | 10.1.1.1. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну. 10.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдарының қызметін талдау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Өлеңнің сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді. Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдарының қызметін талдайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту |
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Таныстырылым. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Пәнге байланысты сөздер және терминдер: Сюжеттік-композициялық құрылым; буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас, өлең өлщемі т.б. Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Абай Құнанбаевтың «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін талдады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақытты жоспарлау | Сабақ мазмұны | Дереккөздері | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы 3 минут
| Қызығушылықты ояту. Оқушылар «Шаттық шеңберіне» жиналады. «Бес қадам» әдісі. Әрбір 4-оқушы сұраққа жауап беріп, ортада бес қадам аттайды. Қойылатын сұрақтар төмендегідей:
Топқа бөлу.
Оқушылар суретті сөздерді оқып, сабақ мазмұнына болжам жасайды. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы бағаланады. | № 2 таныстырылым | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 38 мин | Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады. «Миға шабуыл» әдісі. Оқушылар «Дос пен дұшпан» сөзіне қатысты білетіндерін тізіп жазып, ой шақыру жасайды. Ойларын үздіксіз екі минут жазады. Топта талқылайды, ортаға салып айтады. 1-тапсырма Ұйқас туралы оқып, жұпта талқылайды. «Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп, – деп жазды академик Қ. Жұмалиев, – бірақ ең негізгісі және көп қолданылатындары мыналар:1) қара өлең ұйқасы (ааба),2) шұбыртпалы ұйқас (аааа),3) ерікті ұйқас (абвгб),4) кезекті ұйқас (абвб),5) шалыс ұйқас (абаб),6) егіз ұйқас (аабб),7) аралас ұйқас (аабвбвббб),8) осы күнгі ерікті ұйқастар (абабвгд)».Қазақ тіліндегі өлеңдерде жиі кездесетіндері – қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас және шалыс ұйқастар. Қара өлең ұйқасы, әсіресе, халық әндерінде кеңінен қолданылған:Астыма мінген атым Бұқпа қара,Шаң тисе, ақ бетіңе – ыққа қара.Аулыңның сырт жағынан ән салайын,Даусымды танымасаң, шық та қара! ЖЖ 2-тапсырма
Дескриптор:
3-тапсырма «Кубизм» әдісі 1-топ Байланыстыр. Абай сынға алған заман адамының құндылыққа қайшы мінез –құлықтарын сипаттау үшін қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдардың қызметін талдап, қазіргі өмірдегі келеңсіздіктермен байланыстыр. Ойларыңызды «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыздар. 2-топ Салыстыр. Метафоралық қолданыстар мен эпитеттік қолданыстарды теріп жазып, екі түрлі көркемдік қолданыстардың автордың негізгі ойын жеткізудегі маңыздылығын салыстырыңыздар. «Венн диграммасы» түрінде ұсыныңыз. 3-топ Зертте. Өлеңдегі құндылыққа қайшы келетін кереғар ұғымдарды зерттеп, идеясын анықтаңыздар. Идеялардың ұлттық мүддені қорғауда алатын орнына баға беріңіздер, «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыз. 4-топ Қолдан. Шығармадан қоғам өміріндегі келеңсіздікті танытатын метафоралық және эпитеттік қолданыстарды теріп алып, монолог немесе ой толғауға негізгі тірек сөз ретінде қолданып, дамытып жазыңыз. 5-топ Дәлелде. Абай өлеңінің өміршеңдігін дәлелдеп, Абай шығармашылығына қызығушылықты арттыру мақсатында, шығармадан кем дегенде (антонимдік сипаттағы қолданыстарды да) 5 эпитеттік қолданысты ұғымды пайдаланып креативті жарнама әзірлеңіз. 6-топ Талда. Өлеңдегі Абайдың нақыл сөздерін талдап, идеялардың ұлттық мүддені қорғауда алатын орнын баға беріп сызба, кесте түрінде ұсыныңыз. Дескриптор:
Кері байланыс
Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы
Синквейн - Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім) - Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім) - Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік) - Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем. - Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз. | №3 -слайд №4 -слайд https://imektep.kz/kz/game#true_false-1584 №5 -слайд https://www.youtube.com/watch?v=QI94Ui1my_0 №6-слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия 2 мин | «3-2-1» әдісі Сабақта сен үшін маңызды 3 аспекті Қиындық туғызған 2 жағдай Сезіміңді білдіретін 1 сөз | №14 -слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?