Абай Құнанбайұлы «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі . Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті
Сабақ: | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: Исина Б.Қ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім/ сабақтың тақырыбы | Абай Құнанбайұлы «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқыту мақсатына сілтеме | 10.2.4.1 Көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Өлеңде көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, эссе жазады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту |
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Таныстырылым. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Пәнге байланысты сөздер және терминдер: Сюжеттік-композициялық құрылым; буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас, өлең өлщемі т.б. Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақытты жоспарлау | Сабақ мазмұны | Дереккөздері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы 3 минут
| Қызығушылықты ояту. Жазылымалды жұмыс Оқушылар «Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы өткен сабақтағы «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі бойынша өздері әзірлеген постерлерін қайта қарап, өлеңде көтерілген мәселелерді, өлең мазмұнын естеріне түсіреді. Мұғалім өлең идеясына қатысты талқылау жүргізуді ұсынады. Оқушылар постерлерін аралай жүріп, талқылау жүргізеді, өлең жайлы өзара сөйлеседі. Сынып бөлмесінде сонымен қатар эссе жазудың ерекшеліктеріне қатысты мәдіметтер мен өлең мазмұнымен қабысатын афоризм сөздер ілінеді. Оқушылар осы нақыл сөздерді де оқиды. Сынып бөлмесінде ілінетін нақыл сөздер: (А3 парақтарында жазылса) 1. Орынды іске жүріп ой таппаған, Не болмаса жұмыс қып, мал таппаған. Қасиетті болмайды, ондай жігіт, Әншейін құр бекерге бұлғақтаған. 2.Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. 3. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек. 4. Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек. Харекет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап сөйлемек. 5. Атымды адам қойған соң, Қайтып надан болайын. 6. Бес нәрсеге асық бол... Талап еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой - Бес асыл іс көнесеңіз. 7. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. 8. Жас уақытта көңіл - гүл. 9. Жастықтың аты арындап, Тас қияға өрледің. 10. Жастықтың оты жалындап, Жас жүректе жанған шақ. Талаптың аты арындап, Әр қиянға салған шақ. 11. Жастықта көкірек зор, уайым жоқ. 12. Егер ісім өнсін десең - ретін тап. 13. Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. 14. Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық. 15. Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын. 16. Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені. 17. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық. | № 2 таныстырылым | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 38 мин | Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады. Жазылымалды тапсырма
ЖЖ • Эссе іскери стильде жазылады. • Кез келген эсседе берілген тақырыпқа өз көзқарасыңды білдіру талап етіледі. Сонымен қатар, сіздің көзқарасыңызға қарсы адамдардың пікірлерін келтіру және сіз олармен неге келіспейтініңізді түсіндіру қажет. Сіздің пікіріңіз анық беріліп, оған мысал немесе дәлел келтірілуі керек. • Эссенің көлемі 200-250 сөз (кемінде 180 сөз, артық болса 275-тен аспауы керек) • Эсседе келесідей сөз оралымдары қолданылуы тиіс: «Менің ойымша», «Мен .... деп ойлаймын», «Мен ...... деп есептеймін». • Келесідей кіріспе сөздер мен сөз оралымдарын қолдану қажет: “Бір жағынан ........, екінші жағынан .........», байланыстырушы сөздер (дегенмен, бұдан басқа, оған қарамастан …) • қысқартылған сөздерді қолдануға болмайды (эссенің құрылымына балл шегеріледі) • Нақты құрылымы болады; ол бес абзацтан тұрады. 1) Кіріспе Кіріспеде мәселеге екі қарама-қарсы көзқарас бар деп, проблемалық сұрақты нақты көрсету қажет (Кейбір адамдар ұялы телефонды керек нәрсе деп есептейді, ал енді біреулері ұялы телефонсыз өмір стрессіз болар еді деп санайды). Содан кейін көп сөз қолданбай, қысқа түрде өз пікіріңізді келтіресіз. Алайда бірінші сөйлем эссенің тақырыбымен сөзбе-сөз қайталанбауы тиіс. Бірінші абзацты келесі сөздермен аяқтау ұсынылады: енді мен осы мәселеге өз көзқарасымды білдіргім келеді.
2) Негізгі бөлім 1 абзац. Сіздің көзқарасыңызды растайтын 2-3 аргумент келтіресіз, оны мысалмен немесе дәлелмен бекітесіз. 2 абзац. Сіз тек қана БІР пікірді ұстанасыз, мысалы: Меніңше, ұялы телефондар өте ұңғайлы зат НЕМЕСЕ Мен ұялы телефондарды қажетсіз, зияны көп құрылғы деп есептеймін. Өз пікіріңізді растау үшін 2-3 аргумент дәлелімен келтіруіңіз керек. 3 абзац. Қарама-қайшы пікір (1-2) келтіруіңіз керек. Онымен неге келіспейтініңізді түсініруіңіз керек. Мысалы: Алайда кейбір адамдар ұялы телефон сізді туыстарыңызбен және достарыңызбен байланыста ұстаумен қатар, сізді көптеген адамдарға объект ретінде ұстап береді деп ойлайды, мен мұнымен келісе алмаймын. Себебі Сіздің басқа адамдарға айтқан контрагргументіңіз 2 абзацты қайталамауы тиіс. 3) Қорытынды Осы мәселеге екі көзқарас бар екені айтылған 1 абзацқа қайтып келіп, өз көзқарасыңызды растап, қорытынды жасау қажет. Және мәселені шешу үшін ұсыныс айтылуы тиіс. Мысалы: «Осы мәселеге әр түрлі көзқарас бар.Мен .... деп ойлаймын.» Немесе «Барлық көзқарастарды ескере отырып, Мен .... деп ойлаймын.» Эссе жұмысына қойылатын талаптар: Эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі; Эссе тақырыбы бойынша өз пікірін дәйектеуі; Эссенің композициялық тұтастығы және логикалық жүйелілігі; Орфографиялық нормаларды сақтау; Грамматикалық нормаларды сақтау; Пунктуациялық нормаларды сақтау.
Мысалы: І Кіріспе. .............................................. ІІ Негізгі бөлім:
ІІІ Қорытынды. ................................................................
Жазылым тапсырмасы: «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңіндегі көтерілген мәселелерге талдау жасап, Абай сынға алған заман адамының құндылыққа қайшы мінез–құлықтарын талқылап, өз пікіріңді қосып, «Заман өзгерген сайын адами құндылықтар да өзгере ме?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Дескриптор:
Оқушылардың өзара бағалау парағы
Кері байланыс
| №3 -слайд №4 -слайд №5 -слайд №6-слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия 2 мин | «3-2-1» әдісі Сабақта сен үшін маңызды 3 аспекті Қиындық туғызған 2 жағдай Сезіміңді білдіретін 1 сөз | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?