Абай Құнанбайұлының отыз үшінші қарасөзі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Топқа бөлу.
Оқушылар суретті сөздерді оқып, Абай қарасөздерімен байланыстырады. Сабақ мазмұнына болжам жасайды. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы бағаланады.
Оқыту мақсатына сілтеме | 10.1.1.1. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну. |
Сабақ мақсаты: | Қарасөздің сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді. |
Бағалау критерийі |
|
Тапсырма
ЖЖ Оқушылар жұпта жұмыс жасайды.
- Қарасөзді түсініп оқыңыз.
- Мәтіндегі композициялық құрылымды, яғни ой бөліктерін анықтаңыз.
- Әр ой бөлігіне қатысты автор идеясы мен көтерген мәселесін анықтап, бүгінгі таңдағы маңыздылығына баға беріңіздер. Ойларыңызды «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыздар.
- Анықталған мәселелер бойынша автордың көзқарасы мен оған келтірген дәлелдерін, одан шығатын салдарлар мен нәтижелерді зерттеңіздер. Ойларыңызды «Аргументтер шеңбері» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.
«Аргументтер шеңбері» сызбасы
Дескриптор:
- Абай қарасөзінің идеялық мазмұнын ашу үшін композициялық құрылымды, яғни ой бөліктерін анықтайды;
- әр ой бөлігіне қатысты автор идеясы мен көтерген мәселесін анықтайды;
- мәселелердің бүгінгі таңдағы маңыздылығына баға береді;
- анықталған мәселелер бойынша автордың көзқарасын кемінде 2-3 көзқарасын анықтайды;
- көзқарастарын дәйектеу үшін кемінде 3-4 дәлел ұсынады;
- дәлелдерден шығатын салдарлар мен нәтижелерді зерттейді;
- ойларыңызды «Аргументтер шеңбері» түрінде ұсынады
- Жұмыстарын өзгенің талқылауына ұсынады, өзгенің жұмысымен танысады , кемінде 3-4 жұмысқа қатысты өз пікірін білдіреді.
Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы
Критерийлер |
| ||||
Абай қарасөзінің идеялық мазмұнын ашу үшін композициялық құрылымды, яғни ой бөліктерін анықтайды; | |||||
әр ой бөлігіне қатысты автор идеясы мен көтерген мәселесін анықтайды | |||||
мәселелердің бүгінгі таңдағы маңыздылығына баға беріңіздер | |||||
көзқарастарын дәйектеу үшін кемінде 3-4 дәлел ұсынады | |||||
анықталған мәселелер бойынша автордың көзқарасын кемінде 2-3 көзқарасын анықтайды | |||||
анықталған мәселелер бойынша автордың көзқарасын кемінде 2-3 көзқарасын анықтайды; | |||||
өлең құрылысы арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді. | |||||
Өзгенің жұмысына пікір айта алады |
Кері байланыс
- Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?
- 3 түрлі тапсырманы толық орындай алдыңыздар ма?
- Сізге көмек қажет болды ма?
ОТЫЗ ҮШІНШІ СӨЗ
Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.
Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.
Екінші - ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады.
Үшінші - «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.
Төртінші - тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?