Абай Құнанбайұлының отыз үшінші қарасөзі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті
Сабақ: | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: Исина Б.Қ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім/ сабақтың тақырыбы | Абай Құнанбайұлының отыз үшінші қарасөзі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқыту мақсатына сілтеме | 10.1.1.1. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Қарасөздің сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту |
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Таныстырылым. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Пәнге байланысты сөздер және терминдер: Сюжеттік-композициялық құрылым; аргументтер, салдардар, көзқарас, нәтиже, идея, тақырып, ұстаным т.б. Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, қарасөздерін (32,37-қарасөзі) біледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақытты жоспарлау | Сабақ мазмұны | Дереккөздері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы 3 минут
| Қызығушылықты ояту. «Бес қадам» әдісі
Топқа бөлу.
Оқушылар суретті сөздерді оқып, Абай қарасөздерімен байланыстырады. Сабақ мазмұнына болжам жасайды. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы бағаланады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 38 мин | Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады. Проблеманы айқындау кезеңі: Сұрақ:
Аудиожазбаны тыңдау арқылы 33 қарасөзіндегі көтерілген мәселені анықтаңыз. https://www.youtube.com/watch?v=Zht9qaKhGRY Абайдың қара сөздері. Отыз үшінші сөз (1895) ● Аудиокітап ● ОТЫЗ ҮШІНШІ СӨЗ Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады. Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады. Екінші - ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады. Үшінші - «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді. Төртінші - тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай? Тапсырма ЖЖ Оқушылар жұпта жұмыс жасайды.
Дескриптор:
Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы
Кері байланыс
| №3 -слайд https://www.youtube.com/watch?v=Zht9qaKhGRY №4 -слайд №5 -слайд №6-слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия 2 мин Үйге | «3-2-1» әдісі Сабақта сен үшін маңызды 3 аспекті Қиындық туғызған 2 жағдай Сезіміңді білдіретін 1 сөз
| №14 -слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?