«Масғұт» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Бөлім: «Өлең сөздің патшасы»

Сабақ: 1

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты:

«Масғұт» поэмасы

10.1.1.1. әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну.

 Сабақ мақсаты:

Оқушыларға поэма мазмұнын толық түсінуге бағыттауда сөздік жұмысы және композициялық құрылысына талдау жасатылып, шығарманың идеясын тани алады.

 Құндылықтарды игерту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбектене білуге баулу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану дағдылары:

Таныстырылыммен танысады.

 Пәнаралық байланыс

Тарих

 Дескрипторлар

  • Шығармадағы түсініксіз сөздермен жұмыс жасайды;
  • Поэманың композициялық құрылымына талдау жасайды;
  • Поэманың идеясын, тірек ұғымдарды анықтай алады;
  • Поэма бойынша өзіндік ой түйеді.

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

А.Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» және «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңдерімен танысты.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

Қызығушылықты ояту 3 мин

«Бес қадам»

1. Абай өлеңдерінде көрініс табатын 5 құндылықты атаңыз.

2.Абай өміріне қатысты 5 мәлімет ата.

3. Абайдың 5 туындысын ата.

Табан суреттері

Ортасы

Мағынаны тану сатысы

Мақсат пен бағалау критерийлерін талқылау. 2 мин.

Тақтадағы суреттер мен сөздер арқылы сабақ тақырыбына болжам жасайды.

Тапсырма1. 3 мин.

Оқушылар «Білімленд» сайтынан Абайдың «Масғұт» помасы туралы қысқаша түсінікпен танысады.

Тапсырма 2. Оқушылар хрестоматиядан поэманы мұқият оқиды. Жұпта түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізеді.

6 мин.

  • Поэманы мұқият оқып таныс.
  • Түсініксіз сөздермен сөздік жұмысын жүргіз.

Арун-Рашид халиф

Харун ар-Рашид Аббас әулетінен шыққан халиф (786-809). Һарун әр-Рашидтың тұсында халифат қолөнер, сауда мен мәдениет (әсіресе, әдебиет) дамыған. Һарун әр-Рашид арабтардың әйгілі «Мың бір түн» ертегісінің кейіпкерлерінің бірі.

Қыдыр ата

«Хызыр» араб сөзі, Жасыл адам деген мағына береді. Қыдыр аталуының себебі: егер бір жерге отырып, кейін ол жерден тұрып кеткенде, әлгі отырған жері жап-жасыл болады екен

Шырыш бұзған

Тыныштығын, берекесін кетірген, шырқын бұзған

Халифа

Орта ғасырларда мұсылман дініндегі елдердің діні мен үкіметін бір өзі басқарып отырған мемлекет билеушісінің құрметті атағы, лауазымы.

Пәруардігер

Жаратушы Алла, Құдай

Құда

Құдай сөзінің қысқарған түрі.

Ғапіл боп

Қапы қалып, арманда болып, опық жеп

Топта өзара поэманы автордың сөзін қолдана отырып, кезектесе мазмұндайды. 5 мин.

Тапсырма 3. 7 мин+3 мин.

Жұпта дәптерге шығарманың композициялық құрылысына талдау жасаңыздар. Сынып болып, талқылау жасаңыздар, өз талдауыңызды түзетіңіздер.

Сюжеттің басталуы

Дамуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі.

Шешімі

Тапсырма 4. Ат органайзерінің басына шығарманың идеясын, денесіне мазмұнын 1 сөйлеммен, аяғына тірек ұғымдарды, құйрығына шығармадан түйген ойыңызды жазыңыз. (жұпта)

Кері байланыс 2 мин.

Тапсырмалардың поэма мазмұнын түсінуге пайдасы тиді ме?

Маған не түсініксіз?

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-mashut-dastany

Рефлексия

2 мин

Тапсырмалар несімен пайдалы болды?

Білімімді қай жағынан толықтыра алдым?

Шығарманы түсіну үшін қай жағынан толықтыру әлі де қажет?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу