Абай Құнанбаев өмірі және шығармашылығы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


САБАҚ:

Мектеп:

Күні:1

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев өмірі және шығармашылығы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.2.1 Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақтың мақсаттары

Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Бағалау критерийлері

Абай өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша баяндап, әдеби тілдік қорымен жеткізе алады;

Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан аша алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушыларға Абай Құнанбаев шығармашылығымен танысып келу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін ой шақыру кезеңі. Суреттерге қарап отырып, сабақтың тақырыбын болжайды.

3.Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен , күтілетін нәтижелермен таныстырылады.

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

10 мин

10 мин

Мағынаны тану

Абай Құнанбаевтың өмірі және шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беріледі.

Оқушылармен әңгіме жүргізіледі.

1-тапсырма

«Топтастыру» әдісі

Т Оқушылар қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев туралы білгендерін барынша талқылайды. Олар ақын туралы және оның шығармалары (олар оқыған кез келген шығарма) туралы білетіндеріне қатысты ой картасын жасайды.

«Түртіп алу»

осыдан дейінгі оқу туралы сипаттама үшін және сыныптың осыдан дейінгі оқуын анықтау үшін уақыт беріледі. Топтар өз ой карталарын қабырғаға жабыстырады және басқалары оларды қарайды (галерея), олар әр түрлі түстермен әрбір ой картасына кез келген қосымша ақпаратты қосады.

https://www.youtube.com/watch?v=JLzgjtB3d08

Оқушыларға бейнебаян көрсетіледі.

Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді мұқият тыңдау.

Тыңдалым мәтіні бойынша бір- біріне сұрақтар дайындайды. Ол сұрақтарға келесі топ жауап береді.

2-тапсырма

Топтық жұмысІ топ: «Әдебиетшілер» Абайдың Шығыс әдебиетімен байланысы туралы ақпараттар туралы ауызша айтуІІ топ: «Тарихшылар» Абайдың орыс, Батыс әдебиетімен байланысы туралы ақпараттар туралы ауызша айтуІІІ топ: «Зерттеушілер» Абай шығармаларын зерттеушілер кімдер?

Дескриптор:

Бір- біріне сұрақтар дайындай алады;

Абайдың Шығыс әдебиетімен байланысы туралы ақпараттар табады;

Батыс әдебиетімен байланысы туралы ақпараттар

табады;

Абай шығармаларын зерттеушілер кімдер табады.

Абай бейнесіндегі оқушы музыка әуенімен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Мағынаны тану сұрақтары: (Абай бейнесіндегі оқушы қояды)

«Миға шабуыл»

1.Ал,балалар, адамның бес асыл ісі деп қандай жақсы қасиеттерді атадым?

2. Ал адамның 5 дұшпаны дегенім ше?

Оқушылар Абай атаны қошеметтеп орталарына шақырады.

3-тапсырма

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдау жұмысы.

І топ- Абай өлеңіндегі 5 асыл істің маңызын

2 сурет, 3 сөзбен дәлелдеңіз.

ІІ топ- «...Өсек,өтірік, мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ»деп Абай айтқан 5 дұшпаннан басқа қазіргі замандағы адамның 5 дұшпаны деп қандай қасиеттерді айтар едіңіздер? Себебін түсіндіріңіздер.

ІІІ топ- Абай өмір сүрген уақыт, оның отбасы, оның шығармалары туралы және т.б. мазмұнда бес сұрақ әзірлеңіздер.

Ж Ж

Бақылау парағы

Оқушының аты-жөні

Топта талқылауға қаншалықты белсенді қатысты.

(өте белсенді, белсенді, орташа белсенділік)

Өз идеясын (қандай?) ұсынды.

Қандай идея ұсынғанын жазу.

Топ мүшелерін мұқият тыңдайды.

Топта қандай міндеттер орындады?

Баға

Топтық бағалау жүреді.

Дескриптор:

- Топтық жұмысты бірлікте жасай алады;

- 5 асыл істің маңызын 2 сурет, 3 сөзбен дәлелдей алады;

5 дұшпаннан басқа қазіргі замандағы адамның 5 дұшпаны деп қандай қасиеттерді айта алады;

- бес сұрақ әзірлей алады.

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24334/

https://www.youtube.com/watch?v=JLzgjtB3d08

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақтың соңында оқушылар сабақта не үйренгендері туралы ойлану үшін рефлексия жасайды. Әр оқушы өздері қалаған 1 сұраққа жауап жазады.

Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдыңыз?

Шығармамен танысуда қай әдіс ерекше тиімді болды деп ойлайсыз?Неліктен?

Шығармадағы оқиғалар сізге қалай әсер етті?

Қай тапсырманы орындауда қиындық болды?

Сабақтың мақсатына жеткен –жетпегенін оқушылар өздері бағалайды.Алдағы уақытта нені жетілдіру керектігін анықтайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу