Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


САБАҚ: 2

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау

Сабақтың мақсаттары

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды.

Бағалау критерийлері

Өлең үзінділеріндегі мәселелерді анықтайды;

Автор бейнесін ашады;

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушыларға Абай Құнанбаев шығармашылығымен танысып келу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін ой шақыру кезеңі.

3.Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен , күтілетін нәтижелермен таныстырылады

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

10 мин

10 мин

Сыныпты түгендеу. Назарын шоғырландырып тыңдату.

Сабақты болжату мақсатында «Сегіз аяқ» өлеңін тыңдатады.

https://www.youtube.com/watch?v=lNhMoUtImuQ

1.“Сегіз аяқ” әнінде не жайлы жазылған?

2. Абайдың айтар ойы қандай?

3. Әннің әуені қандай өлшеммен орындалады?

4. Әннің басқа әуендерден өзгешелігі неде?

Сабақ тақырыбын болжап алғаннан кейін, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстырады.

Қосымша дерек:

Бұл ән 1889 жылы - Абай заманында адамдар жайлы жазылған шығарма.Абайдың мұңы мен зары, дәуірі мен халық қайғысын жырлайды. Сондықтан қайғы – қасіретті өз қайғысындай сезеді. Жанындағы адамдардың сауатсыздығы жанына қатты батып, ән арқылы жырлайды .

Бұл өлең біз бұрын өткен Абай өлеңдерден өзгеше екенін көріп отырсыңдар. Себебі «Сегіз аяқ» өлеңіне Абай тыңнан қосқан шумақ өрнегін көріп отырмыз. Өлеңнің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген.Шумақ 5 - 8 буынды, тармақтары жүйелі түрде үйлесіп, араласып түзілген. Алдыңғы 6 тармақ тезис есебінде болса, соңғы 2 тармақ ақындық ой қорытылады. Бұл өлең қазақ поэзиясында жаңа туынды.«Сегіз аяқ» өлеңінің өлшемін, шумақтың өрнегін Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов т. б. ақындар да қолданған.

1-тапсырма. «Сегіз аяқ» өлеңінен берілген үзінділерді оқып шығып, ондағы мәселені анықтай отырып, автор бейнесін ашыңыздар. Автордың көтерген мәселесіне, ұстанған бағытына сүйене отырып, оған мінездеме беріңіздер.

1-топ:

Болмасын кекшіл,

Болсайшы көпшіл,

Жан аямай кәсіп қыл.

Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қылжаң

Бола ма дәулет, нәсіп, бұл?

Еңбек қылсаң ерінбей —

Тояды қарның тіленбей.

2-топ:

Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде.

Адал бол — бай тап,

Адам бол — мал тап,

Қуансаң қуан сол кезде.

Біріңді, қазақ, бірің дос

Көрмесең, істің бәрі бос.

3-топ:

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.

Таласып босқа,

Жау болып досқа,

Қор болып, құрып барасың.

Өтірік шағым толды ғой,

Өкінер уақтың болды ғой.

4-топ:

Атадан алтау,

Анадан төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Ағайын бек көп,

Айтамын ептеп,

Сөзімді ұғар елім жоқ.

Моласындай бақсының

Жалғыз қалдым — тап шыным!

Дескриптор:

- Топтық жұмысты бірлікте жасай алады;

- Үзінділерді түсінеді, көтерілген мәселені анықтайды;

- Автор мінездеме бере алады

2-тапсырма.

Оқушыларға өлең үзінділері беріледі. Оқушылар өлең құрылысына және өлеңдегі көркемдегіш құралдарға талдау жасайды.

Соңында оқушылар сынып болып кестені толтырады.

1.Авторы.

2.Тақырыбы

3. Жанр түрі

4.Идеясы. Идея – автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.

5. Шумақ саны. Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

6. Тармақ саны

Тармақ – өлеңнің әр жолы.

7. Бунақ саны

Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.

8. Буын саны

Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты.

9. Ұйқас түрі

Өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін ұйқас дейміз.

10. Әдеби теориялық ұғымдар (троптар мен фигуралар).

11. Түсіндірме сөздік

Дескрипторлар:

- көркемдегіш құралдардың қызметін біледі;

- өлеңнен көркемдегіш құралдарды табады.

Құнанбаев «Сегіз аяқ» өлеңі

https://www.youtube.com/watch?v=uXE_Bjuezr0

Слайдтар

http://kazakhadebieti.kz

Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ» өлеңі

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылардың рефлексиясы, кері байланыс.

Сабақта не қиын болды? Не оңай болды?

Оқушылар стикерге пікір жазып қалдырады.

Мен үшін маңызды бір ақпарат...

Қиындық тудырған тапсырма не сұрақ...

Мен үйрендім не білдім...

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу