«Сегіз аяқ» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.
САБАҚ: | Мектеп: | ||||||||||||
Күні:4 | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | «Сегіз аяқ» өлеңі | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.2.5.1 - әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорытады. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | 1. Өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқи алады 2. Өлеңдегі көркемдеуіш құралдарды таба алады және мағынасын түсіндіреді. 3. Өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізеді. 4. Өлеңдегі жасырын мағыналы сөздерді таба біледі, мағынасын түсіндіре алады. 5. Өлеңге сыни пікір білдіреді. 6. Түсіндіру барысында өлеңмен байланыстыра пікір айта алады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Жаңа құрылысты өлең, сегіз тармақты, қиуа, сермеу, баһра | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушыларға Абай Құнанбаев шығармашылығымен танысып келу | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. 2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін ой шақыру кезеңі. Суреттерге қарап отырып, сабақтың тақырыбын болжайды. 3.Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен , күтілетін нәтижелермен таныстырылады. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 20 мин 5 мин
| Қызығушылығын ояту сатысы
Оқушылар Абай шығармаларының атын айтып жарысады. Өлеңнің атын айталмаған оқушы Абайдың бір шумақ өлеңін жатқа айтады. «Абай» деректі фильмінен үзінді көрсету. «Сегіз аяқ» өлеңін оқу ұсынылады. Тапсырма
«Шумақтап талдау» стратегиясын жүргізу 1 – ТОПТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ: 1 – шумақ: Етістіктерге назар аудара отырып, олардың иесін табыңыз, қиуа, тағы сөздерінің өлеңдегі мағынасын түсіндіріңіз. 2 – шумақ: Көркемдеуіш құралдарды, контесттегі антоинм сөздерді табыңыз, өлеңге берер мәнін түсіндіріңіз. 3 – шумақ: «Надан адамның» бейнесін Абайдың сөздерімен суреттеңіз. 4 – шумақ: Авторлық көзқарас, авторлық идеяға талдау жасаңыз. Өздеріңізге берілген өлең шумақтарына пікірлеріңізді білдіріңіздер. Ақын шеберлігі туралы не айта аласыздар? Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма? 2 – ТОПТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ: 1 – шумақ: Автордың адамдарға тағар сынын анықтаңыз. «Пайдасыз тақыл – байлаусыз ақыл» сөзі қандай көркемдеуіш құрал? Мағынасын түсіндіріңіз. 2 – шумақ: Автордың адам бейнесіне тағар сынын анықтаңыз. «Күпілдек мақтан, табытын қаққан» сөздерінің мәнісін түсіндіріңіз. 3 – шумақ: Автордың оқуырманға берер тағылымын анықтаңыз. Афоризм сөзді табыңыз. 4 – шумақ: Автордың оқуырманға берер тағылымын анықтаңыз. Афоризм сөзді табыңыз. Өздеріңізге берілген өлең шумақтарына пікірлеріңізді білдіріңіздер. Ақын шеберлігі туралы не айта аласыздар? Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма? 3 – ТОПТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ: 1 – шумақ: Абай өлеңіндегі заман мәселесі(проблемасы) неде? Афоризм сөзді табыңыз. 2 – шумақ: Өлең шумағында бейнеленген автордың сезімін анықтаңыз. 3 – шумақ: Автор бейнелеген образға мінездеме беріңіз. 4 – шумақ: Алғашқы 6 жолдағы іс – әрекетке анықтама беріп, авторлық ойды түсіндіріңіз. Риторикалық сұрақты пайдаланудағы авторлық мақсат неде? Өздеріңізге берілген өлең шумақтарына пікірлеріңізді білдіріңіздер. Ақын шеберлігі туралы не айта аласыздар? Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма? 4 – ТОПТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ: 1 – шумақ: Автордың оқырманға айтар ақыл – кеңесін анықтаңыз. 2 – шумақ: Өлең жолдарындағы авторды өкінішке душар ететін мәселені анықтаңыз, түсініктеме беріңіз. 3 – шумақ: Өлең жолдарына түсініктеме беріңіз, бұл өлең жолдарында не туралы айтылған? «Жартас» сөзінің мәні неде? 4 – шумақ: «Атадан алтау, анадан төртеу» сөздерініңі мағынасын түсіндіріңіз? Өлең жолдарындағы ақынның көңіл – күйін анықтаңыз. Өздеріңізге берілген өлең шумақтарына пікірлеріңізді білдіріңіздер. Ақын шеберлігі туралы не айта аласыздар? Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма? Бағалау критерийлері: 1.Өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқи алады 2. Өлеңдегі көркемдеуіш құралдарды таба алады және мағынасын түсіндіреді. 3. Өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізеді. 4. Өлеңдегі жасырын мағыналы сөздерді таба біледі, мағынасын түсіндіре алады. 5. Өлеңге сыни пікір білдіреді. 6. Түсіндіру барысында өлеңмен байланыстыра пікір айта алады.
| Құнанбаев «Сегіз аяқ» өлеңі https://www.youtube.com/watch?v=uXE_Bjuezr0 Слайдтар Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ» өлеңі | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Бағалау: Әр оқушы бір-бірін ауызша «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалайды. Кері байланыс: | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?