Абай Құнанабаев «Сегіз аяқ». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қалың елім, қазағым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Қазақ әдебиеті

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Абай Құнанабаев «Сегіз аяқ»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

АИ 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

АИ 10.2.4.1 - көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

Сабақ мақсаттары

Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды анықтау;

Өлеңде көтерілген мәселелер бойынша шығармашылық жұмыс жазу.

Бағалау критерийлері

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдайды;

Көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.

Дескрипторлар

- көтерілген мәселені анықтайды;

- мәселенің шығу себептерін көрсетеді;

- мәселелің шешу жолдарын белгілейді;

- мәселенің шешімін анықтайды;

- көркемдегіш құралдардың қызметін біледі;

- өлеңнен көркемдегіш құралдарды табады.

Тілдік мақсаттар

Троп, фигура, әңгіме, өлең, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру, білім алу.

Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну, қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынас орнату

Пәнаралық байланыстар

Философия

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

9-сыныпта өтілген материалдар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сәлемдесу.

Ұйымдастыру кезеңдері.

Оқушыларға сабақ тақырыбын болжату үшін бейнеролик көрсетіледі.

Мұғалім сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, жетістік критерийлерімен таныстырады.

Оқушылар төмендегі өлең шумақтары бойынша 4 топқа бөлінеді.

1-топ

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар баһра ала алмас.

2-топ

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын.

3-топ

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

4-топ

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.

https://www.youtube.com/watch?v=lNhMoUtImuQ

Сабақтың ортасы

20 минут

15 минут

1-тапсырма.

Оқушыларға «Сегіз аяқ» өлеңі беріледі. Оқушылар топ бойынша өлеңде көтерілген мәселелерді талқылайды. Әр топ бір-бір мәселені анықтап, талдайды. Әр топ мәселелері бір-біріне ұқсамауы тиіс.

Басы-мәселе

Оң жақ қабырғасы-себептері

Сол жақ қабырғасы-шешу жолдары

Құйрығы- шешімі

1.2-тапсырма. Оқушылар өздерінің анықтаған мәселелері негізінде шығармашылық жұмыстар жазады.

1-топ. Өлең

2-топ. Әңгіме

3-топ. Хат

4-топ. Монолог

Дескрипторлар:

- көтерілген мәселені анықтайды;

- мәселенің шығу себептерін көрсетеді;

- мәселелің шешу жолдарын белгілейді;

- мәселенің шешімін анықтайды.

2-тапсырма.

Оқушыларға өлең үзінділері беріледі. Оқушылар өлең құрылысына және өлеңдегі көркемдегіш құралдарға талдау жасайды.

Соңында оқушылар сынып болып кестені толтырады.

1.Авторы.

2.Тақырыбы.

3. Жанр түрі.

4.Идеясы. Идея – автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.

5. Шумақ саны. Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

6. Тармақ саны.

Тармақ – өлеңнің әр жолы.

7. Бунақ саны.

Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.

8. Буын саны.

Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты.

9. Ұйқас түрі.

Өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін ұйқас дейміз.

10. Әдеби теориялық ұғымдар (троптар мен фигуралар).

11. Түсіндірме сөздік

Дескрипторлар:

- көркемдегіш құралдардың қызметін біледі;

- өлеңнен көркемдегіш құралдарды табады.

Сабақтың соңы

5 минут

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу