Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасы
1-топ: Абай «Масғұт» поэмасын соған аттас кейіпкердің іс-әрекетіне құрады.
2-топ: Ақылы мен парасаты мол адамның мінез-құлқын, адамгершілігін көпке үлгі етеді.
3-топ: Поэманың идеясында әйелді қоғамның ерлерге тең мүшесі деп тану, оның әлуметтік өмірдегі орнын бағалау жағына көбірек қөңіл бөлінеді.
4-топ: Мұны Масғұттың қөзқарасынан айқын танимыз.
1-тапсырма. Ж
«Масғұт» поэмасын оқып, кейіпкерлерге сыни баға береді.
Дескриптор:
Үзінді келтіреді;
Кейіпкерлер бейнесін анықтайды;
Өзіндік көзқарасын білдіреді.
2-тапсырма. ЖЖ
«Масғұт» поэмасы мен И.С.Тургеневтің «Шығыс аңызы» атты шығармасымен салыстырып, ортақ құндылықтарды анықтайды.
Дескриптор:
Екі шығарманы салыстырады;
Көтерілген мәселені анықтайды;
Ортақ құндылықты анықтайды.
3-тапсырма. ТЖ
«Әдеби үйірме» әдісі. Әр топ мүшелері рөлдерге бөлінеді және танысқан мәтіндері бойынша тапсырмаларды орындайды. Әр топтан рөлдер бойынша шақырылады, қалғандары толықтырады.
Баяндап беруші – оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, осы оқиғаның мазмұнын дайындау.
Зерттеуші – оның міндеті (мәтінге байланысты) басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау. Сондай-ақ бұл жаңа сөздерді меңгеру және суреттеу немесе өткен тапсырманың қалған бөлігі болуы мүмкін.
Сұрақтар құрастырушы – негізгі оқиғаларды қамтитын немесе әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. Бастысы, оқушылар сұрақ қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғары деңгейлердің бөлінуі туралы ескерсе болды.
Сілтемелер табушы – оның міндеті әңгіменің тақырыбын, руханилығын ашатын немесе құптайтын кез келген сілтемелерді – белгілі және аздап белгілі афоризмдер, мәтелдер табу.
Бейнелеуші-суреттеуші – оның міндеті әңгімедегі кейіпкерге немесе оқиғаға ауызша суреттеу.
Дәнекер – оның міндеті негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Бағалау
1-топ 2-топты, 2-топ 3-топты, 3-топ 4-топты, 4-топ 1-топты дескрипторлар бойынша бағалайды.
Кері байланыс «3 Қ»
Не қызық болды?
Не қажет болды?
Не қиын болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?