Абай өмірі мен шығармашылығы. Лай суға май бітпес қой өткенге. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қалың елім, қазағым | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Абай өмірі мен шығармашылығы. Лай суға май бітпес қой өткенге | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/Ж 10.1.4.1. Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Өлең үзіндісіне талдау жұмысын жүргізе отырып, шығармашылық жұмыс жасау | |||||||||
Бағалау критерийлері | Өлең үзіндісіне талдау жұмысын жүргізе отырып, шығармашылық жұмыс жасайды. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және адамгершілік жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, академиялық шыншылдық, өмір бойы білім алу. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих пәні | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, слайдтармен жұмыс жасауға дағдыландыру. | |||||||||
Бастапқы білім | Абай Құнанбаетың өмірі мен шығармашылығы жайында біледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Кезекшімен жұмыс жүргізіледі; Оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. Оқушылар саналу арқылы 4-топқа бөлінеді. 1 минут ішінде Абай Құнанбаев жайында білетіндерімен бөліседі. | |||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 15 мин 10 мин 5 мин | 1-тапсырма. Бейнематериалды 00.22-02.28, 2.56-04.50 аралықтарында көріп, «Категориялы топтастыру» стратегиясы бойынша Абай Құнанбаев туралы жинақтап жазады. Дескрипторлар:
2-тапсырма. Ж
Дескрипторлар:
1-2-топ Лай суға май бітпес қой өткенге, Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге Сол қасқырша алақтап, түк таппадым Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе! Берген бе тәңірім саған өзге туыс! Қыласың жер жиһанды бір-ақ уыс. Шарықтап шартараптан көңіл сорлы, Таппаған бір тиянақ не еткен қуыс? Күні-түні ойымда бір-ақ тәңрі, Өзіңе құмар қылған оның әмірі. Халлақам мақұлық мақұлық ақылы жете алмайды, Оймен білген нәрсенің бәрі-дәһрі. Өзгені ақыл ойға қондырады, Біле алмай бір тәңріні болдырады. Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен, Талпынып тағы да ойлар зор қылады. 3-4-топ Көңілге шек шүбәлі сөз алмаймын, Сонда да оны ойламай қоя алмаймын. Ақылдың жетпегені арман емес, Құмарсыз құр мүлтуге тоя алмаймын. Мекен берген, халық қылған ол лә мекен Түп иесін көксемей қоя ма екен! Және оған қайтпақсың, оны ойламай, Өзге мақсат көңілге тола ма екен! Өмір жолы - тар соқпақ бір иген жақ, Иілтіп, екі басын ұстаған хақ. Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ, Құлап кетсе, тура шық, көзіңе бақ. Жұпта өзара бағалау жүргізіледі. Мұғалім сөзі: Абайдың бұл өлеңі 1895 жылы жазылған.Үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманның өліміне байланысты шығарылған. Қараңғылық шырмауына шатылған елдің надандығына ыза болған ақын жан наласына сырын қапысыз қабылдар, айтса түсінер, ақылдасса ой бөлісер сүйікті ұлынан айрылу қайғысы қосылып, «берген бе тәңірім саған өзге туыс» деп мұңданады, ақын көңіл жайлауынан ел көшкендей болып құлазиды. Мағынасыз «бос қуыстай» дүниеден уақап таппай, «бір-ақ уыс» болып отырған ақын дінге иек артады. Қошы жоқ құлазыған көңіл күйін ғажап шыншылдық суретпен бейнелеп, шарасыз халін «халық», «махлүқ», «дәһрі», «ләмәкан» сияқты діни лексикамен бедерлейді. 3-тапсырма. ЖЖ. Өлеңді құрылысына қарай талдау (Жоғары деңгейлі оқушы жанр мен ұйқас түрін, орта деңгейлі оқушы шумақ тармақ, бунақ сандарын анықтайды). 1. Жанр түрі 2. Шумақ 3. Тармақ 4. Бунақ 5. Буын саны 6. Ұйқас түрі. Дескриптор: Шумақ, тармақ, бунақ сандарын көрсетеді; Жанр түрін біледі; Ұйқасты анықтайды. Мұғалім бағалау жүргізеді. ТЖ «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша өлеңмен жұмыс (Оқушылар деңгейлеріне қарай 4 сөйлемді бөліп алады). 1. Пікір. Өлең идеясы мен тақырыбы бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады. 2. Дәлел. Пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді. 3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. Дескриптор: Пікір білдіреді; Дәлел келтіреді; Мысалмен толықтырады; Қорытынды ой айтады. Топтық бағалау жүргізіледі. | |||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Қиын болды Қызық болды Ұсыныс | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?