Абай Құнанбаевтың он жетінші қарасөзі туралы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Абай өлеңдермен бірге қазақ әдебиетіндегі ерекше қалам сермеген шығармалары қандай?

- Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не болды?

-Абайдың қандай қарасөздерін төменгі сыныпта өттіңдер?

-Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазған?

1.Қарасөз дегеніміз-ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек.

2. Қарасөз –арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.

3. Ғақлия-көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.

4. Абайдың қарасөзінің саны -45.

5. Бұл қарасөздер 1890-1898 жылдар арасында жазылған.

6. Қарасөздер алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы Абай журналында жарық көрді.

7. Абайдың қарасөздері орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

1-тапсырма. Тыңдалымалды тапсырмасы.

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты :

Үзіндіні өз ойларымен әр топ жалғастырып постерге жазады.

Оқушылардың құрастырған мәтіні тыңдалады. Одан кейін дұрыс түпнұсқасын бейнежазбадан тыңдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=ClmZ2bIfS3w

Тыңдалым тапсырмасы.

Мәтіннің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ортақ талдайды.

 

Әр топқа төмендегі Абайдың нақыл сөзіне айналған негізгі аргументтер беріледі. Сол арқылы он жетінші қарасөзбен байланыстыра отырып, негізгі идеяны талдайды.

1-топқа « Ақыл , қайрат , жүректі бірдей ұста ,

Сонда толық боласың елден ерек»

 

2-топқа « Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық»

 

3-топқа « Нұрлы ақыл , ыстық қайрат және оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіден табылса , онда ол «қасиетті адам» болмақ

 

4-топқа

–Неге Абай адамның көп қасиеттері ішінен қайрат , ақыл , жүрек үшеуін ғана таңдап алған ?Оларды неліктен ғылымға әкеліп дауларының шешімін сұраған

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Топтық жұмыс.Әр топ кейіпкерлер

Жобасын (моделін) жасайды..

І топ – « қайрат»  ІІ топ – « ақыл»  ІІІ топ – « жүрек»

ІУ топ – адамға тиетін кеселдерді топтастырады

Әр топ өз кейіпкерлер моделін жасап болған соң, қасиеттерін «Кемел адам» моделіне енгізеді . Тұжырым жасайды. (өмірмен байланыстырады

Дискрипторлар:

-Үзіндіні өз ойларымен жалғастыра алады;

-Тұпнұсқамен салыстырады;

-Негізіг аргументтер мен қарасөздегі ортақ идеяны таба алады;

-Кейіпкерлер жобасын жасай алады;

-Өмірмен байланыстыра отырып, тұжырым жасай алады,

-Сөздікпен жұмыс жүргізе алады.

Абай қарасөздерінен қандай тәлімдік ой түйдіңіздер?(оқушылар сабақтағы негізгі құндылықты айтады)

 

Не қиын болды?

Не қызық болды ?

Екі ұсыныс...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу