Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.


Пән: Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Бөлім

Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасы

Сабақтың тақырыбы

«Масғұт» поэмасындағы ер мен әйел теңдігі

Оқу мақсаттары

10.А/И2. Автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау.

Сабақтың смарт мақсаты

  • «Масғұт» поэмасындағы автор бейнесін анықтай отырып, ер мен әйел теңдігіне қатысты үзінді бойынша талдау жасайды.

Бағалау критерийі

  • Поэмаға интерпретация жасай отырып, өзіндік талдау жасайды.

Құндылықтарды дарыту

Ұлтжандылық, адамгершілік, мәдениеттілік

Пәнаралық байланыстар

Тарих, шығыс әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

Бастапқы білім

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

5 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі Ж

Берілген тұжырым мен сурет аясында сабақтың тақырыбына болжам жасайды, анықтайды.

  • Әйел заты ер адамның жан досы, көмекшісі, кеңесшісі, шабыт сыйлаушысы.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Суреттер

10 минут

10 минут

10 минут

5 минут

Мағынаны тану кезеңі ЖЖ

1-тапсырма. Оқушылар берілген сұрақтың аясында интерпретация жасайды.

  • Ақын бұл шығарма арқылы не айтқысы келді?

Интерпретациялауға арналған негізгі ақпараттар:

  • Шығарманың авторы және атауы. Жазылу тарихы, прототиптерді және тармақтардың кімге арналғанын айтып өту қажет.
  • Туынды қандай жанрда, қандай бағытта жазылған?
  • Тақырыбы мен идеясы.
  • Сюжеттің негізгі оқиғасы, жанжалдың дамуы.
  • Мәтіндегі көркем бейнелер.
  • Әдеби әдістер - кейіптеу, салыстыру, әсірелеу, т.б.
  • Жанр мен поэманың ерекшеліктері.
  • Ақын шығармашылығындағы туындының рөлі.
  • Поэмаға жеке пікір.

2-тапсырма. Автор поэмадағы ер мен әйел теңдігін қалай суреттеген? Оқушылар осы сұрақтың жауабы болар үзіндіні оқиды, өзіндік талдауларын сыныпқа ұсынады.

«Автор орындығы» әдісі қолданылады.

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Дескриптор:

  • сұрақтың аясында жауап іздейді;
  • қажетті үзіндіні тауып, өзіндік талдау жасайды.

3-тапсырма. Оқушылар автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды.

«Т кестесі» әдісі қолданылады.

Т кестесі

Шығармадағы автор бейнесі

Автордың белгілі бір оқиғадағы көрінісі

Бағалау. «Блоб ағашы»

Дескриптор:

  • шығармадағы автор бейнесін табады;
  • автордың белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды.

Ойтолғаныс кезеңі. Жеке жұмыс

Оқушылар сабақты бекіту мақсатында қорытынды жасайды.

5 минут

Кері байланыс

«5 саусақ» әдісі

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық.

Балан үйрек – маған түсініксіз болды.

Ортан терек – маған жеткілікті болмады.

Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім.

Кішкене бөбек – менің ұсынысым.

Қосымша мәлімет

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Пәнаралық байланысқа сілтеме

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемесі

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу