Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 2-сабақ.


Ой шақыру

Абай туралы айтылған Елбасының сөзі туралы ой бөліс. «6 Неліктен» стратегиясын қолданып, сұрақтарға жауап бер. Алдыңғы сабақпен байланыс орнат.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».

Н. Ә. Назарбаев

«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы 

1. Неліктен Абай бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген? 

2. Неліктен Абай ғылым, білімді уағыздаған өлеңдер жазды? 

3. Неліктен Абайдың «Масғұт» помасында әйелді қоғамның ерлерге мүшесі деп тану, оның әлеуметтік өмірдегі орнын бағалау жағына көбірек көңіл бөлінген?

4. Неліктен Абайдың өлең жолдары мақал - мәтел сияқты нақылға айналып кеткен? 

5. Неліктен Абай «не істесең де, бәрін ақылмен істе» деген ұлағатты ой айтады? 

6. Неліктен Абайды «қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы» деп бағалайды?

http://engime.org/shifarmani-kompoziciyali-rilisi.html

1-тапсырма. Поэма желісі бойынша жоспар құрастыр.

 

2-тапсырма. М. О. Әуезов: «Масғұт аузыменен Абай өз заманындағы, өз ортасына қанықты болған жайларды айтады. Үлкен гуманист ақын сол өзі таратпақ болған мораль философиясын жаңа түрде шартты мазмұнға байланыстырып ұсынып отыр»,-дейді. Осы талдау негізінде оқушылар «Ойлану пирамидасын» қолдана отырып, поэмадан дәлел келтір.

Поэманың негізгі ойы

______________ _________________

 

 Поэмадағы мораль философиясын суреттейтін екі сөз

__________ ____________ __________ ___________

 

Поэмадағы ойдың маңыздылығын суреттейтін төрт сөз

_______ _________ _________ ________ ___________________

3-тапсырма. Поэманың композициялық құрылысына талдау жаса.

Шығарманың композициялық құрылысы:

1. Сюжеттің басталуы:

2. Сюжеттік байланыс:

3. Шиеленісуі:

4. Шарықтау шегі:

5. Шешімі:

6. Шығарма кейіпкерлері:

7. Әдеби теориялық ұғымдар:

8. Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні:

Бағалау

Бағалау дескрипторлары:

поэма желісі бойынша жоспар құрастырады;

жазушы талдауына поэмадан дәлел келтіреді;

әдеби шағарманың композициялық құрылымына талдау жасайды.

Кері байланыс. «Плюс, Минус, Қызықты»

«Плюс» – оң әсер еткен фактілері, алған білімдері жайлы жазады.

«Минус» – қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.

«Қызықты» дегенде бағанға өздеріне қызықты болған жайтты немесе көбірек білгісі келетін дүниені жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу