Абай Құнанбаев «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.
Сабақ жоспары
САБАҚ: 1 | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Абай Құнанбаев «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну; 10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау; | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Шығарманың идеялық мазмұны мен ұлттық құндылықтардың маңыздылығын талдау. Көркемдегіш құралдарды анықтау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Лексикалық бірліктер: шырайың, сартша, орақ орған, қыртың, өңкей қиқым, қыртың, тырқың Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін; | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
| Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Қызығушылықты ояту https://www.youtube.com/watch?v=yQpv4VIhEys (00:00-00:51) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінің аудио нұсқасын тыңдау. Мәтінде кездесетін негізгі тірек сөздерді анықтау:
Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері анықталады. |
https://www.youtube.com/watch?v=yQpv4VIhEys (00:00-00:51) | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
10 минут 10 минут 5 минут | Қосымша «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 30 жол. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтік салмағы орасан зор. Ақын алдымен көз алдыңызға мұрты аузына түскен, бір ұрты май, бір ұрты қан, алғашқыда шырайы сартша жылтырап тұрған қазақтың кескінін алып келеді. Осыдан кейін барып оның ішкі әлемін, мінез ерекшеліктерін айқындап аша бастайды. Бұл өзі іске жоқ, қу сөздің адамы, өзі сөйлесе болды, өзгені тыңдауды білмейді, мылжың, бөспе, қырт. Күндіз күлкі, тұнде ұйқысының бұзылу себебі – өз малына өзі ие емес сорлы. Байлауы жоқ көрсеқызардың әлеуметтік қалпы тіпті сиықсыз, тұтастық, ірілік жетіспегендіктен, әрқайсысы шолтаңдап жеке қамшы үйіріп, би болғансып, қиқымданып кеткен жерде елдің күйті кеткен, бірлік жоқтықтан, береке жоқтықтан дәулеті шайқалып, байлық шашылған. Жыртың-жыртың мағынасыз күлкіге малданған тиянақсыз, байлаусыздың түбіне жеткен елдің соры биліктен айрылып өзгенің табанына түсіп құл болатынын ақын ашына зар етеді. Ұлттың бойындағы сордың үлкені-күндестік, бірін-бірі көре алмау, етектен тарту, пыш-пыш халқымызды сан рет орғажығып, өртке қамаған алауыздық. Зығырданы қайнаған шерлі ақын елді түзеудің амалын қарап, тығырықтан шығар соқпақ іздеп, басын тауға, тасқа соқса да, жол таба алмай, ақыры елінің ырқынан айрылып, езгіге бодан болатынына бармағын шайнайды. Халқының бойындағы қаны сорғалаған жараларды аша отырып, ақын омырауы жасқа толса да, сай-сүйегі сырқыраса да, сесті, кекесінді күйінде қалады. Жеңіл-желпі басу айту, оңай өріс нұсқау жоқ. Ары ширығып, намысы қайнаған ұлы ақын туған халқының барлық буын, барлық нәсілін өзі күйдіріп айтқан кесел-кесепаттардан, сор-сұмдықтардан арыл, тазар, сонда ғана белге шығасың деп тұрғандай. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісінде жазылған. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған. (291 сөз) Тапсырма №1 FILA кестесін толтыру
Дескрипторы:
Тапсырма №2 Шығарманың тіліне талдау
Дескрипторы:
Тапсырма №3
Дескрипторы:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақты бекіту 3 минут | Ой толғаныс Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Кері байланыс. «Сұрақ-жауап» әдісі 1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды? 2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз? 3. Сіз үшін бүгін не қиын болды? 4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз? 5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды? | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы | Өлеңнің құрылысына талдау жасау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?