Абай Құнанбаев «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.2.4.1 - көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

Сабақтың мақсаттары

Өлеңде көтерілген мәселені талдай отырып, эссе жұмысын жазу.

Бағалау критерийлері

  • Шығармада көтерілген мәселені талдайды;
  • Эссе жұмысын жазады;

Тілдік мақсаттар

Лексикалық бірліктер: шырайың, сартша, орақ орған, қыртың, өңкей қиқым, қыртың, тырқың

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Абай Құнанбаевтың өлеңдері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару
  • Кезекшімен сұхбат
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ІІ.Қызығушылықты ояту

Берілген суреттерді байланыстырып, сұрақтарға жауап беру.

  • Абайдың «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» өлеңінің идеясы қандай?
  • Қазақ халқына тән қандай қасиеттер өлеңде көрінеді?
  • Өлеңнен автор көзқарасы көрінеді ме?

Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері анықталады.

https://www.youtube.com/watch?v=yQpv4VIhEys

(00:00-00:51)

Сабақтың ортасы

15 минут

15 минут

Тапсырма №1

«Мәселені зерттеу ағашы» әдісі арқылы оқушылар мәтінде көтерілген мәселені талдайды.

Оқушылар өлеңде көтерілген мәселені жан-жақты зерттеп, автордың көзқарасын талдап, «Бас-басына ми болған өңкей қиқым» тақырыбында әдеби эссе жазады.

Дескриптор

  • Эссе құрылымын сақтайды;
  • Көтерілген мәселені анықтайды;
  • Автор көзқарасын талдайды;
  • Сөз санын сақтайды; (200-250 сөз)

Сабақты бекіту

3 минут

Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі

Үй тапсырмасы

Қара сөздерін оқу, зерттеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу