Абай Құнанбаев «Отыз екінші қара сөз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.
Сабақ жоспары
САБАҚ: | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 10 | Оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Абай Құнанбаев «Отыз екінші қара сөз» | ||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; 10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру | ||||||||
Сабақтың мақсаттары | Ұлттық құндылықтардың мағыздылығын мәтіннен үзінділер келтіре отырып, шығармашылық жазылым жұмысын ұсыну. | ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар | Лексикалық бірліктер: Ғақлия- араб сөзі. «Дана сөз»,даналық маржан сөздер. Ғақлия-көркем қарасөз,нақыл сөздің бір түрі,дүниенің құпия сыры терең таразыланған ойлар мен пікірлер,трактат. Хұзур хасил-тыныштық,рахатшылық, Хасудшілікті-күндеу,күндеушілікті Хирслану-ашқарақтану,қомағайлану,сараң болу. Ғурурлық-менмендік,мансапқорлық, Мұлахаза-ойласу,пікір алысу. Мұхафаза-сақтау,қорғау. Жаһатінде-барлық күшті жұмсау,тырысу. Зинһар-қалайда,әйтеуір. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін; | ||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Абай Құнанбаевтың өлеңдері | ||||||||
Жоспар | |||||||||
Жоспарланатын уақыт |
| Дереккөздер | |||||||
Сабақтың басы 5 минут 5 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Қызығушылықты ояту Отыз екінші қара сөзінің аудионұсқасын тыңдату. Оқушылар өздеріне ерекші әсер еткен үзінділерін жазып, пікірлерімен бөліседі.
Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері анықталады. | bilimland.kz сайтынан қара сөзін тыңдау | |||||||
Сабақтың ортасы
10 минут 10 минут 5 минут | Сұрақтарға жауап беру
(Жауап беруде төмендегі сызбаны пайдаланады ) Толық адам
Білім-ғылым Талап Дескриптор
Тапсырма Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал сіз «Ұлы ғұлама тереңінен тек қана дәм таттым» деген оймен келісесіз бе? Келіссеңіз, өз ойыңызды дәлелдеп, ұрпақты оқу-білімге, үнемі ізденіске шақыратындай аманат хат жазыңыз. Хат жазуда қара сөздің міәтінен үзінділерді қолданыңыз. Дескриптор Жанрлық ерекшелігін сақтап хат жазады; Мәтіннен үзінділер келтіреді; Тақырыпты ашып жазады; Сөз санын сақтайды; (150 сөз) | ||||||||
Сабақты бекіту 3 минут | Ой толғаныс Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім | ||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Кері байланыс. «Сұрақ-жауап» әдісі | ||||||||
Үй тапсырмасы | Отыз екінші қара сөзінен үзінді жаттау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?