Абай Құнанбайұлы «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Өлеңнен үзінді | Көркемдеуіш құрал түрі | Анықтамасы | Астарлы мағынасы |
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың | Метафора | Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде сөздің астарлы мағынада қолданылуы | «қан» - қиянат, «май» - байлық деп қиянат арқылы байлыққа қол жеткізді деген мағынаны білдіреді. |
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? | Метафоралы теңеу | Заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. | «Сарт» - екіжүзді саудагер. «ша» жұрнағы -сияқты. Екі жүзді сатқын сияқты деген мағынаны білдіреді. |
Аузымен орақ орған өңкей қыртың. | Тұрақты тіркес | Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы. | Істі айтады, бірақ түк істемейді. |
Сапырылды байлығың, баққан жылқың | Ауыспалы мағына | Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. | Жан-жаққа таратылды, шашылды деген мағынада қолданылған. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?