Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 9-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Турлыбекова Салима Кеңесбековна | ||||||||||
Сынып: 9 «» (Т1) | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы | ||||||||||
Сабақтың мақсаты | 9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру | ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті,тарих | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады. | ||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөз дер | |||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Ән тыңдайық! https://www.youtube.com/watch?v=GZ_Ku9mUV_A Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, күтілетін нәтижелер талқыланады. | Слайд | |||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | Мағынаны тану 1-тапсырма. 1-топ. Поэмадағы Елбасы бейнесін суреттеңіздер. 2-топ.Ақынның Бәйтеректі тақырып етіп алудағы мақсатын анықтаңыздар. Қазақ халқының өткен өмірі поэмада қалай көрініс тапқан? 2-тапсырма. Қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі күнге ментальды карта сызыңыздар. 3-тапсырма. ЖЖ Поэмадағы қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманды Венн диаграммасында салыстырыңдар. Дескриптор Білім алушы
4- тапсырма. «Балық қаңқасы» әдісімен «Бәйтерек» поэмасындағы ұрпақтар сабақтастығын талдау жасаңдар. Қаңқаның басына поэмадағы ұрпақтар сабақтастығының көтерілуі Жоғарғы жағына себебі белгіленеді. Төменгі «сүйекшелерінде» себепті нақтылайтын дәйектер жазылады. Балықтың «құйрығына» қорытынды жазылады. Алдымен жұпта, кейін топта жұмысты талқылаңдар. Кері байланыс «Бас бармақ» | АЗ парағы Маркер | |||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «Неге?Неге?Неге? Сипаттамасы: Тыңдаушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі тыңдаушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі ойыншылар осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында барлық үйренушілер орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, тақырыптың түйінді идеяларының байланысын түсінеді. | ||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. | Жұптық бағалау, өзін-өзі бағалау, тиімді кері байланыс арқылы жүзеге асады. | Қазақ әдебиеті, тарих пәндерімен байланысып, туған жерге деген құрмет құндылығы дамытылады. | |||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: сы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Ақмола кеше ғана басқа қала, Айналды Бәйтеректі Астанаға! Еміреніп өз анасы емізбесе, Сәбиге шайнап берген ас бола ма?
Бақытым басымда тұр талай күткен, Сеземін келмегенін оңайлықпен. Үзіле жаздап еді өндіршегім, Өзекке тепкілеген өгейліктен.
Көңілге сәуле құяр Сарай нұры, Астана – ел тірегі, ел айбыны! Кемері шалқып жатқан Қазақстан – Мұхиттың аласұрған көк айдыны.
Тіршілік түзегенде көркін жаңа, Сұрапыл соқпаса екен толқын жара. Армысың, Азаттықтың астанасы – Талпынған арманына еркін қала!
Жаһанның жанарында жаңа қала, Жұлдыздай туы қалған өліарада. Бес жылда бой көтерген ғимараттар, Жайнап тұр шомылғандай самалаға!
Жырламас ғажайыпты кім мұндағы,
Жеткенше сөздің дәмі, тілдің нәрі. Алғысын жаудырады Елбасыға, Болашақ бұл шаһардың тұрғындары.
Қарашы, шаңырағы жас қаланың, Аспанның бұлтты серпіп тастағанын! Бүгіннен басталатын шежіресі, Авторы – Назарбаев Астананың! ..
Самсаған қара орманым – байтақ елім, Сынға сап сан жақсыны байқап едің. Еңсесін елдігіңнің биіктеткен, Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің!
Өтінде арпалысқан өмір-майдан, Бәйтерек – болашағың тамыр жайған. Немесе Елбасының өр тұлғасы, Қолымен өзі әкеліп Тәңір қойған!
Туыңдай қанат керген желді күнгі, Танытты кең әлемге теңдігіңді. Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап, Ұстай біл Асқақтатып Елдігіңді!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?