Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4.Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Смагулова Р.А. | |||||||||||||
Сынып: 9 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы | |||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 1) Түсіну және жауап беру: 2. Әдеби шығарманың тұжырымдамасы | |||||||||||||
Сабақтың мақсаты | 9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау; | |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылардың мәнерлеп жатқа оқу дағдысын қалыптастыру; Сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыландыру; «Бәйтерек» поэмасындағы психологизмді анықтауға үйрету. | |||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Өмір бойы оқу, құрмет,азаматтық позиция. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, Қазақстан тарихы | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады. | |||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы | |||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||
Басы 5 минут | Қызығушылығын арттыру. «Суреттер сөйлейді» әдісі. Оқушылар суретті көру барысында қандай күйде болатындарымен бөліседі. Өткен тақырыпты еске түсіреді. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары хабарланады. | Презентация | ||||||||||||
Ортасы 7 минут 8 минут 15 минут 6 минут | Мағынасын ашу 1-тапсырма. Жұптық жұмыс Ой сергіту. Оқушылар өз ойын білдіріп, мына сұрақтарға жауап бере отырып, бір-бірімен ашық пікірлеседі:
Дескриптор: Білім алушы
Терминмен жұмыс. Көркем әдебиеттегі психологизм - көркем шығармада адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айрықша мән беру. Қазақ әдебиетіндегі тырнақалды психологиялық роман – Ж. Аймауытовтың «Ақбілегі». Психологизмнің ең алдыңғы қатарда тұратын тәсілі – ішкі монолог. Мысалы: «Сорлы Ақбілек! Сен жыламай кім жыласын! Тас емшегін жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айырылдың. Келешектегі бақытты өміріңнің кілтіндей көріп, сары майдай сақтаған алтын қазынаңнан айырылдың! Ар-ұятың төгілді, адамшылығың жойылды. Жас нәуетек жүрегің – соқпай жатып өрт болды. Жаңа піскен жауқазын – піспей жатып жоқ болды. Шамшырақтай жас жаның-жанбай жатып шоқ болды. Есіл ерке балалық – аяққа құйған астайын шолтаң етті – тоқталды. Жыла жасың бұла! Жасыңмен қайғы жуылсын! Жасыңнан теңіз жиылсын!» Психологизмнің негізгі қызметі - өмірлік шындық пен көркем шындықтың жанды тамырластығын сақтау. Олай болса, психологизм дегеніміз – шығарма кейіпкерінің ойы мен іс-әрекетінің кереғарлығы, жан дүниесінің «ішкі дауылы», сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. Бірақ әдеби психологизмнің бір ерекшелігі сонда, тіпті автор мен кейіпкердің ой-толғаныстары мен ой ағымдары, сана қақтығыстары қайшылыққа толы, қарама-қарсы көзқараста болса да, шығармадағы жүйелілік қайтсе де сақталады, бір жүйеден ауытқымайды. «Бейтаныс жігіттің көздері жұмылып, еріндері кезеріп кетті, бірақ сол сәтте-ақ, ол қабағын қайта ашты, қайтадан маржандай қызара бөрітіп, еріндеріне қан жүгірді. /Оноре де Бальзактың «Шегірен былғары» романынан/ Психологиялық талдауда бейтарап /үшінші жақтан/ баяндаушы әңгімелесе, өзін-өзі талдауда көбіне бірінші жақтан баяндалады. Дескриптор: Білім алушы
Топтық жұмыс. 2-тапсырма Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасынан үзінділерді пайдалана отырып, психологизмдерді табады. 1-топ: «Ақын» тобы. Татулық тамшысына қаталаған, Оқып көр не дегенін ата-бабаң. Сөз ұқпас саңылаусыз болмасаңыз, Жас келер жанарыңа боталаған. Қоңырауын керуен-күндер күмбірлеткен, Есіңе өмір түсер мың жылғы өткен. Заманды қолды-аяққа тұрғызбаған, Жалғанның жал-құйрығы тұлдыр неткен? Жым-жылас қаншама жұрт жерге сіңді, Ұмытпа кетсең қайтып келмесіңді. Алланың ашып-жұмған алақаны, Сыйғызар уысына көл-көсірді. 2-топ: «Психолог» тобы. Жолының дәлелдеді туралығын, Тарихтың толғағынан туған ұлың. Ардақтап, асылыңды аялай біл, Астынан су жүгіртпей сырмағының. Көрінсе анадайдан түсіп аттан, Дұшпанға жорғалайсың тісі батқан. Келгенде өз жақсыңа кекжиесің, Жұртым-ау, қашан саған кісі жаққан? Намысты айырбастап күнкөріске, Сұғасың бір кебісті бір кебіске. Арыңның ақ таяғын жұмсамасаң, Қызыл ит шыға қоймас кірген ішке. Нұрсұлтан - арқа тірек, алтын діңгек, Алыптың халқы ғана нарқын білмек. Қарғаның қарқылдайтын әдеті ғой, Қыранның аспандағы даңқын күндеп. Жоқты-бар, деумен азды-көп етемін, Төгуден аянған жоқ қара терін. Жалғасы Күлтегіннің жаныңда жүр, Тұлғасы асқақтатқан дала төрін. 3-топ: «Сыншы» тобы. Көрмедім ұлы көшті басқа мұндай, Бүгінгі батырлықтың дастанындай. Келеді тәуекелдің тауын асып, Асқардан бабалардың асқанындай! Келеді халқын бастап қазынаға, Ақ боран, алдын орап азынама. Қуанып қалың елі жатқан шығар, Алайда шын қуанған өзі ғана... Заманның зуылдайды күш-көлігі, Шалқиды алып-ұшып құс-көңілі. Шығармас сыртқа сырын патша-жүрек, Кім танып-біліп жатыр іштегіні? Сарыарқа-сан ғасырдан қалған мұра, Риза бақытына жанған мына. Топтық жұмысты қорғау. Бағалау. Әрбір топтың жасаған жұмыстарына келесі топ сағат тілі бойынша баға беріп отырады. Дескриптор: Білім алушы
| |||||||||||||
Сабақтың соңы 4 минут | Кері байланыс.- Поэмадағы ақынның негізгі позициясы қандай? Үйге тапсырма: Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасын оқу. | |||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||
Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) даярлау. | Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырмаларды сол алған ақпараттарға талдау жасауға, оны қолдануға құрамын. | Қазақстан тарихы пәнімен пәнаралық байланыс. Азаматтық позиция, ынтымақтастық, құрмет құндылықтары көзделеді. Оқушылардың партада дұрыс та ыңғайлы отыруына мән беріледі. | ||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1:Оқушылардың поэмадан ақынның ішкі психологиясын тауып, талқылауы. 2. Автордың психологиялық эмоциясын түсінуі. Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: Бәйтерек туралы 4 жол өлең шығарту. 2. Басқа мемлекеттің символдық белгілерімен таныстыру. Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым? Оқушыларға шағын көлемдегі өлеңдерді оқыту мен жаттату және оған сабақ кезінде талдау жасау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?