Кнут Гамсун «Аштық» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 5-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Турлыбекова Салима Кеңесбековна

Сынып: 9 «» 1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кнут Гамсун «Аштық» романы

Сабақтың мақсаты

9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау

 Бағалау критерийлері

  • эпикалық шығармадағы композициялық амалдарды талдайды.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу

Пәнаралық байланыс

Әлем әдебиеті,тарих

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Ж/ЖЖ/Т «Ойлан, бөліс, талқыла!»

Образдың жасалу жолдары туралы не білесің?

Образдың жасалу жолдары сан алуан. Бірақ солардың ішіндегі ең негізгілері:портрет, мінездеу

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, күтілетін нәтижелер талқыланады.

Слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны тану Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы композицияның қызметін жасап шығайық!

бас алғызбай, оқиғаның қызықтығы, табиғи заңдылық, шебер қиюласу,образ, ұнамсыз образ, ерлік (Оқығанда бас алғызбай, тартып әкететін, оқиғаның қызықтығы, көсем серкедей ерекше көзге түсетін образы - типі ұнамды образдардың рух берерлік ерліктері, ұнамсыз образдардың жан түршіктірерлік жауыздықтары және өзекті өртерлік трагедиялық жайттардың шығармаларда табиғи заңдылықпен мүлтіксіз шебер қиюласуы- композицияның ісі.)

1-тапсырма. Ж Үзінділерді оқы.

1.Қанша болса да, сүт сатып алуға бірдеңе беріңізші! - деп күрсінді де басын бір жақ иығына қисайтты ақыр соңында ол.

 Ал керек болса, құдайдың айдап келіп көрсеткен кебін қара! Қалталарымды ақтарып ештеңе таппаған соң:

 - Ай, сүтке дейсің бе... Ым!.. Ал бірақ біздің заманда көшеде жатқан ақша болмайтынын білесіз ғой және сол сүттің қаншалықты қажет екенін мен де білмеймін.

 - Кешеден бері Даменнен шыққалы нәр татқаным жоқ, - деді ол. Менде бір де эре қалған жоқ, оның үстіне жұмыс таба алмай жүрмін.

 Бар пәрменіммен Пилестредет жаққа жүгіре жөнелдім. Ондағы үйлердің бірінің екінші тәжінде бір өсімқор тұратын. Қиқылдап кіре - ақ желеткімді тез шешіп алып, қолтығыма бастым да, баспалдақпен көтеріліп есікті қақтым. Кіре сала басымды иіп, желеткімді сауда сөресіне тастай салдым.

 - Бір жарым крон, - деді өсімқор.

 - Қош, рахмет сізге, - деп жауап қаттым,Өзіме қысқалау болмағанда үстімнен тастамас ем.

 Ақшасы мен түбіртегін алып кері тарттым.

 - Мінекейіңіз! - дедім оған ақша ұсынып.Ең алдымен менен жәрдем сұрағаныңызға бақыттымын.

2. Менің қиялым сәуле мен бояудан тұратын таңғажайып тығыз мұнарға малынған, сәтті табысыма қуанып үлгермей жатып, іштей бұдан тәуір ештеңе оқығаным жоқ деп қоямын. Бақытқа мас болып, қуанышым қойныма сыймай алаулап, жеңісіме мәз - мейраммын; қолымдағы бір бума қағазды салмақтап көріп, жуық мәнінде шамамен бес кронға бағалаймын. Бес кронға ешкім де саудаласып жатпауға тиіс, қолжазбамның мазмұнын ескере отырып, тіпті он крон беруі де мүмкін, оның өзі де түкке тұрмайтын тым төмен баға. Мұншалық бірегей жұмысты тегін жасамасам керек қой; мен білсем, бұл секілді романдар жолда жатқан жоқ. Оған он крон сұрауға бел будым.

3. Ішімде бір жалын лап ете қалғандай болып, құлағыма өзімнің әлсіз айғайым, ессіз - ойсыз, шат-шадыман үнім келеді. Редактордың хаты екен, менің фельетоным қабылданып, баспаханаға да жіберіліпті! "Бірер ұсақ түзетулер... екі-үш кездейсоқ әріп қатесі... өте талантты дүние... ертең басылады... он крон".Әрі күліп, әрі жылап, көше бойлай жүгіріп, сосын тоқтай қалып, тізерлеп жата кетіп, не үшін екенін білмей, бүкіл әулие-әнбиелерге сиындым...Ал уақыт болса өтіп жатыр. Түні бойы таңға дейін қуаныштан есім шығып көшеде қаңғыдым және: - Талантты, демек, шағын ғана аса үлгілі шығарма, данышпандық дүние! Оның үстіне он крон! - деп қайталай бердім, қайталай бердім.

4. Шіркін-ай, енді бір үзім нан болар ма еді! Көшеде қаңғып жүріп қажалайтын қатқан қара нанның бір үзімі табылса ғой. Кейде қара нан да керемет дәмді болып, аузыңның суын құртады - ау деп ойладым. Аштықтың азабынан өлгім де келді, көңілім босап, жылап та алдым. Бақытсыздығымда бар ғой, шек жоқ. Кенет көшенің ортасында тоқтай қалып, аяғыммен жер тарпып, қарғыс жаудыра бастадым. Мені әлгі қалай атады? Ақымақ деді ме? Ақымақ деп қорлауды көрсетейін ол полицейге! Табан аузында жалт бұрылып кері қайттым. Ыза - кектен өртеніп барамын. Көшеде сүрініп кетіп, құлап қалдым, бірақ оған назар аудармай атып тұрып, қайта жүгірдім. Вокзал алаңына жеткенде әбден шаршап, айлаққа дейін жүгіруге қауметім қалмады, оның үстіне ашуым да басылды. Ақыры, тоқтап жан шақырдым.

2-тапсырма. Жұпта ПОПС формуласымен алған ақпараттарыңмен бөлісіңдер.

3-тапсырма. Т Кейіпкердің іс-әрекеті арқылы қандай адам екенін анықтаңдар. Мінездеме беріңдер.

Үзінділер

Кейіпкер

1

№2

№3

№4

4-тапсырма. ЖЖ Үзінділер арқылы басты кейіпкердің портретін жасаңдар.

Дескриптор

Білім алушы

  • кейіпкердің іс әрекетін түсінеді;
  • мінездеме береді;
  • портретін жасайды.

Дескриптормен өзін-өзі бағалайды.

Кері байланыс «Бір жұлдыз»

Сөздер,сөз тіркестері

үзінділер

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия «Менің сөзім»

Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып сабақта не болғанын қорытындылап айтады. Айтып болған соң басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып сабақ бойынша рефлексия жасайды. Сөйтіп барлық оқушы сөйлеп болғанша жалғасады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Жұптық бағалау, өзін-өзі бағалау, тиімді кері байланыс арқылы жүзеге асады.

Әлем әдебиеті, тарих пәндерімен байланысып, құрмет құндылығы дамытылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

сы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу