Кнут Гамсун «Аштық» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекайдар Г. Б.

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кнут Гамсун «Аштық» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Түсіну және жауап беру

Сабақтың мақсаты

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

 Бағалау критерийлері

  • Көркем шығарманың идеясын анықтайды;
  • Кейіпкерлер әрекетіне талдау жасайды.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Азаматтық жауапкершілік:

Шығарманы талдауда тарихи кезеңдерге шолу жасау арқылы елжандылық сезімдерге тәрбиелеу. Өткенге, тарихқа құрмет көрсету

Пәнаралық байланыс

Шетел әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Кнут Гамсун «Аштық» романы бойынша композициялық талдау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылықты ояту «Біздің кейіпкер» ойыны

Мұғалім сыныптағы оқушының бірінің ішкі жан дүниесін, сыртқы бейнесіне қатысты мінездеу жасайды. Оқушылар кім екенін анықтайды. 5-6 оқушыны жасыруға болады.

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, күтілетін нәтижелер талқыланады.

Сабақтың ортасы

25 минут

5 минут

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырма «Рөлдік талдау»

Оқушылар топта шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды.

1-оқушы. Үзіндіні мәнерлеп оқып шығады;

2-оқушы. Үзіндідегі кейіпкер бейнесі мен қасиеттерін талдайды.

3-оқушы. Кейіпкер бейнесін екі сын есіммен береді;

4-оқушы. Ұсынылған сын есімді қолданып, кейіпкер бейнесіне қатысты сөйлем құрайды;

5-оқушы. Кейіпкер бейнесі мен қасиеттері туралы өзінің пікірін, көзқарасын білдіреді.

Дескрипторлар:

  • әр оқушы өзіне берілген рөлге сай тапсырма орындайды;
  • тапсырма орындауда шығармашылық танытады;

2-тапсырма «Кейіпкер бейнесі және идея» шағын жазба

Топтық талқылаудан кейін кейіпкер бейнесінің шығарма идеясына әсерін талқылап шағын жазба жазады.

Дескриптор:

  • кейіпкер бейнесін анықтайды;
  • шығарма идеясын анықтайды;
  • кейіпкер бейнесі мен шығарма идеясының байланысын анықтайды.

Үлестірме қағаздар

Сабақтың соңы

5минут

Кері байланыс «Ашық пікір алаңы»

  • Оқу мақсатына жетуде қиындықтар болды ма?
  • Қажетті білім алдыңыз ба? т.б

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, тиімді кері байланыс арқылы жүзеге асады.

Тарих, пәнімен байланысып, өткенді бағалау, ұлттық құндылықты талдау арқылы құрмет құндылығы дамытылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі: ________________ Үсен А. М

 

 1-үзінді. Терезені ашып, аулаға көз тастадым. Көзім кір ілетін керулі жіп пен алаңқайға түсті, одан әрірек күйіп кеткен ұстахананың қаңқасы, айналасында көмірді қотарыстырып жүрген кісілер көрінді. Терезенің жақтауын шынтақтай тұрып алысқа көз жібердім. Сез жоқ, күн ашық болғалы тұр. Күз де келіп қалды, кәдімгі бәрі түсін өзгертіп, оңып - солатын ғажайып салқын шақ қой. Бұл көшеде дабыра - шу көбейіп, мені үйден шығуға еліктіріп тұрған тақылетті. Түгі жоқ түт жалаңаш бөлменің едені адым аттаған сайын ойбайын салып, сықырлай жөнеледі, бәзбір тоз-тозы шыққан шірік сасық табыт сияқты. Есікте жөні түзу құлып та жоқ. Пеш дегеніңді тіпті атама, таңға дейін сәл де болса кепсін деп, шұлығымды жамбасыма басып жатамын. Көңілге медеу тұтар жалғыз ғана зат кішкентай қызыл әткеншек, кешкісін соған тербеліп әрнені ойлап жатып қалғып кететінім бар.

 2-үзінді. "Жалпы, жұмыс іздеп табуымды бір құдайдың өзі біледі" деп ойладым тағы да. "Жоқ" деп бетімді қайтарғандар, тіпті қабыл алмағандар, жартылай уәде бергендер бұл қалада қаншама, үміт пен күдік алмасып, бақ сынап көруге қанша тырысқанмен, бәрі де құрдымға кетіп, маңдайым тасқа тиіп, тауаным шағылып, әбден мұқалып біттім. Ақыр аяғында кассир болуға да бел буып едім, одан да кешігіп қалдым, оның үстіне елу крон кепілдік салуға қалтам көтермеді. Өмір-бақи осылай бірдеңе бөгет болады да жүреді. Тіпті өрт сөндірушілер жасағына да сұранып көрдім. Ол жолы елу шақты адам жиналдық, әрқайсымыз кеудемізді керіп, өзімізді керемет күш иесі, ештеңеден беті қайтпайтын өжет етіп көрсетуге тырыстық. Жалдап алушы қатарымызды аралап, ерсілі-қарсылы жүріп, кейбіреудің бұлшық етін ұстап көріп, бірдеңелер сұрап, маған келгенде басын шайқап, бұл іске көзілдірікті кісі жарамайды деп бұрқ етті. Көзімнің өткірлігі қанжардың жүзіндей екенін көрсеткелі көзілдірігімді тастап, қайта келіп, мұрнымды бір тартып қойып тұр едім, ол жанымнан тағы да өтіп, жымиып күлді де қойды, себебі мені танып қалды. Оның үстіне үстідегі киімімнің де әбден тозығы жетіп, жұмыс берушіге мені жөндем адам деп көрсетерлік емес еді.

 3-үзінді. Сағат тоғызды соқты. Арбалардың даңғыры мен адамдардың даусы ауаны жаңғырықтырып, жаяулардың аяқ тарсылы жәмшік қамшыларының суылына қосылып, жүз дауысты таңғы хор басталып та кетті. Сонау шулы қозғалыс мені де желпіндіріп, өзімді сенімдірек сезіндім. Әрине, мені қызықтыратыны әншейін ғана таңғы таза ауада қыдырып қайту емес. Менің өкпеме ауаның қажеті қанша? Өзімді алып дәудей әлуетті сезініп, иығымды тосып тұра қалсам, ат-арбаны тоқтататындай көріп келемін. Өзіме - өзім дән риза болып, таң-тамаша ғажайып бір сезімнің құшағында балқимын. Қарсы жолыққандарды көзіммен ұзатып, үйлердің маңдайшасындағы жарнамаларды оқимын. Жанымнан өткен күймелерден өзіме түскен көздерді аңдап, жолай кездесіп, бірден ғайып болған кездейсоқ құбылыстардың құйтымдай да қалт жібермей, бәр-бәрі байқап келемін.

 Қандай ғажап күн десейші! Тек тіске басар бірдеңе табылса ғой. Таңның шаттық шапағатына басыммен сүңгіп, кеудемді қуаныш кернеп, әй жоқ, шәй жоқ ыңылдап әндете бастадым.

4-үзінді. - Қанша болса да, сүт сатып алуға бірдеңе беріңізші! - деп күрсінді де басын бір жақ иығына қисайтты ақыр соңында ол.

Ал керек болса, құдайдың айдап келіп көрсеткен кебін қара! Қалталарымды ақтарып ештеңе таппаған соң:

- Ай, сүтке дейсің бе... Ым!.. Ал бірақ біздің заманда көшеде жатқан ақша болмайтынын білесіз ғой және сол сүттің қаншалықты қажет екенін мен де білмеймін.

- Кешеден бері Даменнен шыққалы нәр татқаным жоқ, - деді ол. Менде бір де эре қалған жоқ, оның үстіне жұмыс таба алмай жүрмін.

- Сәл - пәл күте тұр, жүгіріп ақшаға барып келейін, бірер эре сізге берермін.

Бар пәрменіммен Пилестредет жаққа жүгіре жөнелдім. Ондағы үйлердің бірінің екінші тәжінде бір өсімқор тұратын. Шынымды айтсам, бұрын-соңды алдында болып көрген емеспін. Қиқылдап кіре - ақ желеткімді тез шешіп алып, қолтығыма бастым да, баспалдақпен көтеріліп есікті қақтым. Кіре сала басымды иіп, желеткімді сауда сөресіне тастай салдым.

- Бір жарым крон, - деді өсімқор.

- Қош, рахмет сізге, - деп жауап қаттым,Өзіме қысқалау болмағанда үстімнен тастамас ем.

Ақшасы мен түбіртегін алып кері тарттым. Шын мәнінде зерлетті бәсеке салу ғаламат бір табылған ақыл болды; енді жақсылап ертеңгілік жасап алуыма ақшам қалады, ал кешкісін қылмыстың болашақтағы рөлі жөніндегі мақалам да бітеді. Өмір шіркін бірдей-ақ баяғыдай қатыбас көрінбей, шалға шапшаң жетіп, одан құтылуға асықтым.

- Мінекейіңіз! - дедім оған ақша ұсынып.Ең алдымен менен жәрдем сұрағаныңызға бақыттымын.

5-үзінді Жол-жөнекей осыны ойлап, еш шешімге келе алмадым. Басқалардың күнәсі үшін жауап беруге мені мәжбүр етіп қойған Құдайдың бұндай өктемдігіне қарсы қояр бұлтартпас дәлелді және таппадым. Бос орындық тауып жайғасқанда да бұл мәселе меңдеп алып басқа ештеңе ойлауға мұрша бермей қойды. Мені қырсық шалған мамырдың сол сәтсіз күндерінен бастап болбырап, ерік - күштен, мақсат-мұраттан айырылып, сүлесоқ сылбыр тартып, әбден енжарланып алдым, бейне бір тұла бойыма құйтақандай қисапсыз жыртқыштар жабысып, іштей кеміріп, мүжіп жеп жатқан тәрізді. Ал Құдай жайдан-жай көзімді құртқысы келсе, амалым қанша? Орнымнан тұрып орындықтың төңірегінде ерсілі-қарсылы жүре бастадым.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу