Кнут Гамсун «Аштық» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекайдар Г. Б.

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кнут Гамсун «Аштық» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Бағалау және саралау

Сабақтың мақсаты

9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу

 Бағалау критерийлері

  • Әдеби шығарманы қазақ әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдайды;
  • Сыни мақала жазады.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Азаматтық жауапкершілік:

Шығарманы талдауда тарихи кезеңдерге шолу жасау арқылы елжандылық сезімдерге тәрбиелеу. Өткенге, тарихқа құрмет көрсету

Пәнаралық байланыс

Шетел әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Кнут Гамсунның «Аштық» романының заманауилығы мен жаңашылдығын бағалайды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе.

Бейнематериалды қарап қазақ жеріндегі ашаршылық пен шығармадағы аштық кезеңін салыстыра әңгімелеу тапсырылады.

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, күтілетін нәтижелер талқыланады.

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

10 минут

Мағынаны тану кезеңі

Сыныпқа сауал. Қазақ әдебиетіндегі аштық тақырыбы көтерліген қандай шығармаларды білесіздер?

(Ықтимал жауаптар: Б. Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат», Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат», Б. Майлин «Күлпаш», Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі»)

(Мұғалім қысқаша түсінік береді).

Бағалау және саралау.

1-тапсырма

Оқушылар топта жұмыс жасайды.

1-топ. Шығарма үзіндісін Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі үзіндісімен салыстырады.

2-топ. Шығарма үзіндісін Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі үзіндісімен салыстырады.

3-топ. Шығарма үзіндісін Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» әңгімесі үзіндісімен салыстырады.

4-топ. Шығарма үзіндісін Б. Соқпақбаевтің «Балалық шаққа саяхат» повесі үзіндісімен салыстырады.

Бағалау және саралау.

2-тапсырма

«Әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетіндегі тақырып үндестігі» тақырыбында шағын сыни мақала жазыңыз.

Дескрипторлар:

  • тақырыпты ашады;
  • топтық талқылаудан алған мәліметтерге сүйенеді;
  • салыстыру жасайды;
  • өзіндік баға береді.

Үлестірме қағаздар

Сабақтың соңы

5минут

Бағалау

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, тиімді кері байланыс арқылы жүзеге асады.

Тарих, пәнімен байланысып, өткенді бағалау, ұлттық құндылықты талдау арқылы құрмет құндылығы дамытылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі: ________________ Үсен А. М

 Сайын Мұратбеков «Жусан иісі». Кей күні ойыннан кейін мен кешкі тамақты ішіп ап, Бапайдың үйіне баратынмын. Мен келгенде Аян ылғи темір пештің аузында от жағып отырады. Ол кезде - соғыс жылдарында біздің ауыл отынға сабан жағатын... Малатаспен бастырған астықтың сабаны орган қамыс сияқты ірі болады, арасында шала бастырылған, кейде тіпті мұрты сетінемеген масақтар жиі кездесуші еді. Отқа жанғанда сабан дүр-дүр етіп лауылдап, ал масақтар бытырлап кететін. Аян от жағып отырып, білдіртпей ғана сол масақтарды жинайды. Лауылдап жатқан сабанның арасы бытыр-бытыр ете қалғанда, Аян қолын отқа тығып жіберіп, шала пісіп қалған күйелеш масақты лып дегізіп суырып алатын.

 Мен есікті ашқанда-ақ Аян жүзі жайнап қуанып кетуші еді. Былай шық деп, дауыстап айтуға кемпір-шалдан бата алмай олар жаққа жаутаңдап қарап қойып, темір пештің түбіндегі өз орны - қара құрым киіз төселген қуысты меңзейтін. Мен қуысқа кіріп ап, олар кешкі шайларын ішіп болғанша Аянды күтіп отырам. Бапайдың кемпірі шалы екеуіне ғана майға бөктіріп талқан шылайды да, «сенің тісің бар ғой» деп Аянның алдына бір уыс қуырған бидай төгеді." Міне, Аянның кешкі қорегі осы. Ол үн-түнсіз қытырлатып отырып алдындағы бір уыс бидай біткенше шай ішеді де, онан соң шынысын төңкеріп қуысқа келеді. Келе бірден сыбырлай сөйлеп:

 − Ертегі тыңдайсың ба? - деп алады да, менің бас изеуімді күтпестен-ақ: - Баяғыда бір жетім бала бопты...- деп бастай жөнеледі.

 Олар ұйықтасымен-ақ Аян әлгінде ышқырына тыққан күйелеш масақтарды алып, үгіп-үгіп аузына құятын.

 − Жеп көрші, тәтті,- деп бір-екі масақты маған да ұстатын. Үгіп-үгіп шала піскен дәнді мен де аузыма құямын, бірақ шикі дәмі білініп тұрғандықтан жұта алмай, шайнап-шайнап түкіріп тастайтынмын.

 Кейде мен үйден нан алып келетінмін. Аян нанды көргенде, көзі отша жанып, екі ұртына кезек бұралай тығып, қақалып қала жаздайтын. «Тағы да бар ма? Тағы да?..» - деп менің қалтамның түбіндегі қоқымға дейін қағып, дегбірі қалмаушы еді.

 Бейімбет Майлин «Күлпаш» әңгімесі

Күлпаштың көңілсіздікке түсіп жүрген күндерінің бірі еді... Үстінде, өрім-өрім болған соң әр жерінен бір түйіп қойған ескі көйлек, оның сыртында тозығы жетіп тулаққа айналған қысқа ескі тон, басында селдіреген көне бөкебайдың жұрнағы. Бет-аузы көнектей ісік; тоңып бүрісіп, үйдің бұрышындағы пешке арқасын сүйеп мұңайып, терең ойға шомған адамша Күлпаш отыр. Жыртық күпіге оранып, бүк түсіп баласы Қали жатыр. Үй суық, жамаулы терезенің жыртығынан кірген ызғырық шекеден шыққандай... үйдің ішін жылытуға пешке жағатын отын жоқ. Отын табылар жер де жоқ... қара судан басқа дән татпағанына бүгін үшінші күн. Алты айғы қыс тартқаны — аштықтың зардабы. Бар сенетіні байы Мақтым ел қыдырып, тілек тілеп, ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ, оның да табары жоқ...

Әйтсе де, Мақтым кеткенде сол бірдеме әкелетіндей көріп, өзін-өзі алдастырумен ұзақ күнді кеш қылады. Бүл Күлпаштың бүгінгі әдеті емес, көптен бергі әдеті. Жағын суалдырып, жүзін сарғайтып адам қарағысыз қылып барып, ақырында ісікке айналдырған осы әдет, осы шыдамдылық.

Күлпаш осы кезге шейін өзінен бетер баласын аяумен келді. Ауыл-аймақ, көрші-қолаңдарынан сұрастырып алған сорпа-суын баласына беретін болды.

Соңғы кезде оның өзі де болмай кетті. Бұл ауылда отырғандардың бірсыпырасы-ақ өлмелі кедей, бәрі де «шықпа, жаным, шықпа» деп отырған секілді. Бұрынғыдай ауысып тамақ беру абысын-ажын арасынан кеміп кетті. Шағын тамақтың үстіне біреу келсе, кірпікшешендей жиырылатынды шығарды. Мұны,' әсіресе, Күлпаш сезеді. Бұрынды-соңды аш болсын, тоқ болсын» тамақ үшін біреуге телміруді ар көретін Күлпашқа бұл оңай болсын ба, көрші үйлерге қатынауды сиретіп еді.

 Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі

  Тортай тас күркені ұядай қылып жинап, тазалап қойыпты. Бұдан бұрын да осы жерге сан рет келіп, мекеніне айналдырған секілді. Қайран қалдым. Ағаштан қиып нар жасап, үстіне шөп төсеген. Өзіне тиесілі кітаптар әбден көп оқылғандықтан, жемтір-жемтір болып бір бұрышта жинаулы тұр. Төр алдына ешкінің терісі төселген. Қарағайдың жуан кеспелтек шәркесінен стол жасап, май шам қойыпты. Тастан қаланған жерошақта маздап жанған от. Сіркіреп жаңбыр жауды. Үңгірге су тимейді екен. Күн бұлтты болған соң ба, ымырт ерте үйіріліп, көз байлана бастады. Үйден ұрлап алып шыққан нан мен ірімшікті столдың үстіне қойдым. Нардың шетінде жалаң аяғын салбыратып үнсіз отырған Тортай: "Рақмет", - деді. Үні бір түрлі көңілсіз, қарлығыңқырап шықты. Ешкім жоқта жылаған секілді, оттың сәулесі тиген көзі қызарып, домбығып тұр еді.

 – Әке-шешең іздеп жүрер, үйіңе қайт, қорықсаң, мен шығарып салайын, - деді Тортай. "Әке-шешең" деген сөзді қырсығып айтқандай болды. Ал әкешешемнің тірі, жер басып жүргеніне мен кінәлі емес едім.

 – Сенің жаныңа жата кетсем қайтеді, - дедім оттың шаласын ысырып.

  – Қайтасың! - деді ол міз бақпай. Мен бүгін оны мүлдем танымай отырмын. – Қайтасың, әке-шешең менің басымды жарады.

 – Жармайды. Сен мені қума, дос емес пе едік.

  – "Ораза-намаз - тоқтықта ғана" деген. "Тоқ бала аш баламен ойнамайды" деген. Мен жауап бере алмадым, үндемеген қалпы, мыңқиып отыра бердім. Тортай мең-зең. Лаулаған отқа тесілген күйі күрсінді. Содан кейін нардан қарғып түсті де, тас үңгірдің тесігінен сыртқа үңілді.

 Бердібек Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат» повесі

Кешке жұмыс соңынан екі аяғымыз талтаңдап, жүре алмай қаламыз. Көзге ұйқы тығылып отырып, кешке тамақты ішуге шамамыз әрең келеді.

Тамағымыз — талқан. Кәдімгі қара талқан. Кішкене пияламен таңертең бір пияла, түсте бір пияла, кешкі бір пияла арпаның талқанын береді.

О, қасиетіңнен айналайын қара талқан! Сен де мені тұлықтастан артық болмаса, кем зығыр еткен жоқсың-ау. Туғаннан көзімді сенімен аштым. Аузым алғаш асқа талпынғанда, апам бөкпен етіп талқан берген. Міне, содан бері қарай сен, қара талқан, менімен ылғи да серіктесіп, бірге жасап келесің. Қайда барсам, айрылмас досымсың. «Мен міне!» деп, жарқырап алдымнан шығасың.

Қыста да талқан, жазда да талқан. Ерте де талқан, кеште де талқан. Ана үйге барсаң да талқан, мына үйге барсаң да талқан. Талқан... талқан... талқан...

Ақ суды талқанмен ішеміз. Көжені талқаннан жасаймыз. Майға да қосылатын осы талқан, шайға да қосылатын осы талқан.

Талкекеңді тамақ етудің тәсілі көп-ақ. Мәселен, сарымайға немесе қаймаққа шылап жеу. Оған шекер сепсе, тіптен абзал.

Майға шыланған талқан шайнау тілемейді, өңештен өзі сырғанап өтеді. Сүтке, айранға шылап жесе де ауыздан түсіп қалмайды.

Талқанды тамақ етудің бұл айтылған бапты тәсілдері уақыты тапшы еңбек адамдары үшін жарамсыз. Біз «әуресі аз» болсын дейміз де, талқанды тамаққа былай жаратамыз: ортада үлкен тай қазанда беті жыбыр-жыбыр етіп шымырлап қайнаған бір қазан қара су тұрады. Содан ыдыспен керегімізше көсіп алып, тиесілі талқанымызды үстіне саламыз. Дәмін кіргізіп түз себеміз. Бұдан кейін қасықпен немесе ағаш қалақпен, ол да болмаса, ортасынан екі бүктеп сындырған шимен былғап-былғап жібер де, аузыңды күйгізіп алмай, кәдімгі балқаймақ жеген секілді ұрттап, көмейіңнен өткізе бер.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу