Кнут Гамсун «Аштық» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсебай Ботакөз Оразәліқызы

Сынып: 9 «» (Т1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кнут Гамсун «Аштық» романы

Сабақтың мақсаты

9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу

 Бағалау критерийі

  • Шығарманы ғаламдық тұрғысынан талдап,әдеби эссе жазады

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті,тарих

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Ой қозғау

  • Қазақ жеріндегі аштық туралы не білесіздер?
  • Сол кездегі аштықтың бүгінгі күнге әсері болды ма?

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, күтілетін нәтижелер талқыланады.

Қызығушылықты ояту.

Тапсырма:

Шығармадағы негізгі мәселенің туындауын қоғамдағы мәселемен байланыстырып, ойыңызды ПОПС формуласы негізінде қорытындылаңыз.

ПОПС формуласы:

  • Менің ойымша, …
  • Мен мұны былай дәлелдеймін…
  • Мен мынадай мысалдар келтіремін…
  • Мен мынадай қорытынды шешімге келдім…

Дескриптор:

  • Шығарма мазмұны мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды анықтайды
  • Шығармадағы ақпараттарды дәлел ретінде қолдана алады;
  • Өз ұстанымдарына қатысты ой-пікірлерін түсінікті жеткізе алады;
  • Ой тұжырымын жасай алады.

Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны тану

Тапсырма. Төмендегі сұрақ бойынша шығарманың идеясын адами, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз.

Роман арқылы авторлық идеяны жеткізуде жалпыадамзаттық құндылықтарды бейнелеген бе?

Дескриптор:

  • шығарманың идеясын анықтайды;
  • көрініс тапқан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтайды;
  • нақты мысалдар келтіріп, шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды.

Қажетті клише мен лексикалық құрылымдар:

Кіріспе үшін:

... – әлемдік деңгейдегі мәселені шығармасына арқау еткен өзіндік орны бар қаламгер.

Көпшілікке кеңінен таныс ... – ... тарих негізінде жазылған тарихи роман.

Жазушы шығармасында ……………….. асқан шеберлікпен көрсетеді.

Негізгі бөлім үшін:

... шығармасында автор өзге мәселелермен қоса, ... жайына тоқталады.

Эпизодтардан автордың көзқарасы байқалады.

Оқырманға әсер етпей қоймайды.

Оқырманды ... шақырады (үндейді).

Автордың жан айқайы сезіледі (білінеді)

... осыған мысал бола алады.

Қорытынды бөлім үшін:

Қорытындылай келе, ... деуге болады.

Жалпы алғанда, ... бәрібір ... екенін байқаймыз.

Аталған мысалдардан шығатын қорытынды: ... .

Кері байланыс «Бас бармақ»

АЗ парағы

Маркер

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

Оқу мақсатына жеттім деп ойлайсыз ба?

Қай тапсырма сізге көбірек ұнады?

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстып, баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп бағалайды

Үйге тапсырма:

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Жұптық бағалау, өзін-өзі бағалау, тиімді кері байланыс арқылы жүзеге асады.

Қазақ әдебиеті, тарих пәндерімен байланысып, туған жерге деген құрмет құндылығы дамытылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

сы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу