Шығарманың көркемдік ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 4-сабақ.
№1 тапсырма. Теориялық мәліметті жұбыңызбен талқылаңыз.
Троп - грекше - tropos - бұрылыс, бұрма деген сөз. Көркем тілдің басқа түрлерінен ауыстыру мағынасында қолданылатын сөздердің негізгі ерекшелігі астарлылығында. Бір нәрсені айтып, екінші мағына ұқтыруында. Мысалы, ақындар: Алатау ақ бас шалым көпті көрген не жұлдыз жымыңдады, күн күлді деп жазады. Мен Абайды оқыдым, көше ояу, ана үйдің құдасы келді дейтін сөйлемдердегі сөздерді алсақ – бәрі де ауыстыру мағынасында қолданылған сөздер. Жұлдыз жымыңдады, күн күлді - жанды нәрселердің істейтін іс-амалын жансыз нәрселерге істету, көше ояу -адамның орнына тұрағын айту. Абайды оқыдым - шығармасының орнына авторын айту т.б. осылар тәрізді сөз қолданыстар троп немесе ауыспалы мағынасында қолданылатын сөз делінеді. Троп негізінде алтыға бөлінеді: 1) метафора; 2)кейіптеу; 3) метонимия; 4) синекдоха; 5) символ 6)аллегория.
Фигура (латынша келбет, бейне) - әдеби тілдің әсерлігі үшін қажет тәсіл, яғни сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мақсаты: сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру арқылы олардың оқырманға әсерін күшейту. Айшықтаудың бірнеше түрі бар.Арнау – адамның, яғни ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, олармен іштей кеңесуі. Арнауды А.Байтұрсынов үш түрге бөлген: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау. Кейін бұл үлгіге айналды.
https://lektsii.com/1-51554.htm
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?