Шығарманың көркемдік ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 4-сабақ.
№2 тапсырма. Топтық жұмыс. Ұсынылған кестеге сай құбылту мен айшықтаудың түрі, қолданылу мақсатын, автордың стильдік ерекшелігін бағалаңыз.
Шығармадан үзінді | құбылту мен айшықтаудың түрі, қолданылу мақсаты | Автордың стильдік ерекшелігіне баға |
Тілісің, теңіз көңіл, батылысың, Өткір ой, сезгір сезім батырысың; Желіндей қуаныштың жеделдей соқ, Өлеңнің өзені бір сапырылсын. | ||
Тегінде кәр құлақсың, сұңғыласың, Сондықтан сұлу сөзді жыр қыласың. Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай, Я көрсін, я көрмесін тұрғыласым. | ||
Халқымның қуанышты бұлбұлымын, Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін. Көтеріп көптің көңілін күнде шауып, Жүлде алар жұма сайын туды күнім, | ||
Бурасан, бұқа мойын, түкті қара, Күмбездей көрінеді күпті қара, Борбаңдап жолбарыстай жонын беріп, Майданға бір тізелеп шөкті қара. | ||
Нән, жуан, мен – мен кеуде, намыс ері, Суық қол Батыраштың жібергені. Жалт етті жайдың оты жүрегінен, Кек қайнап, мұз құйылып жүре берді. | ||
Басынан Ерейменнің соқты боран, Түйілді қара бұлттай қара қыран. От болып екі көзі көрмей кетті, Жауды сел – қар ма, қан ба қабағынан. | ||
«Не болды- ай, бай – бай, саған Құлагерім?! Суалдың, сорлы иеңнің бұлағы едің... Тірегі көңілімнің, бәйтерегім, Бұл жерге қалайынша құлап едің?! |
Дескрипторлар:
- Құбылту мен айшықтаудың түрін анықтаңыз;(кемінде 3-4);
- Көркемдегіш құралдың қолданылу мақсатын анықтайды(кемінде 3-4);
- Автордың стильдік ерекшелігіне баға береді(кемінде 2-3)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?