Шығарманың идеялық-композициялық ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 6-сабақ.
№1 тапсырма. Төмендегі сауалдар жөнінде ойланып, жұптасып, бөлісіңіз.
Сауалдар:
- 1.«I. Жансүгіров қаза, қайғы қасіретті ғана суреттеумен
тынбады, соны тудырған элеуметтік орта, заман туралы сыр шертті, Ақан өмір сүрген заманның реалистік картинасын жасады, сол заманға тән құбылыстарды айқын көрсете білді» деген пікірмен қаншалықты келісесіз?
- 2.«Құлагер» атты поэмасының құрылысында, көркемдік
түзілімінде құнарлы өзгешеліктер бар. «Құлагер» поэмасының Толғану деп аталатын беташар тарауындаақын өзінің әлеуметтік — қоғамдық позициясын, көркемдік — сұлулық идеалдарын ашық жариялап, оқырманмен емен -жарқын сырласады» деген пікірдің астарында автор қандай композициялық амалды меңзейді?
3.Мұрат Әуезов «Иппокрена» атты философиялық еңбегінде «Құлагердің ажалы — көшпелі өркениеттің күйреуінің символы деп жазды. Атынан айырылған қазақ асылын, негізін, жаратылысын жоғалтады. Сондықтан салтанатынан айрыла бастаған ұлттық трагедия — поэманың астары болса керек» деген пікірімен келісесіз бе? Шығармада қандай жаһандық мәселе көтерілген?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?