Шығарманың идеялық-композициялық ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 6-сабақ.
1.«I. Жансүгіров қаза, қайғы қасіретті ғана суреттеумен
тынбады, соны тудырған элеуметтік орта, заман туралы сыр шертті, Ақан өмір сүрген заманның реалистік картинасын жасады, сол заманға тән құбылыстарды айқын көрсете білді» деген пікірмен қаншалықты келісесіз?
2.«Құлагер» атты поэмасының құрылысында, көркемдік
түзілімінде құнарлы өзгешеліктер бар. «Құлагер» поэмасының Толғану деп аталатын беташар тарауындаақын өзінің әлеуметтік — қоғамдық позициясын, көркемдік — сұлулық идеалдарын ашық жариялап, оқырманмен емен -жарқын сырласады» деген пікірдің астарында автор қандай композициялық амалды меңзейді?
3.Мұрат Әуезов «Иппокрена» атты философиялық еңбегінде «Құлагердің ажалы — көшпелі өркениеттің күйреуінің символы деп жазды. Атынан айырылған қазақ асылын, негізін, жаратылысын жоғалтады. Сондықтан салтанатынан айрыла бастаған ұлттық трагедия — поэманың астары болса керек» деген пікірімен келісесіз бе? Шығармада қандай жаһандық мәселе көтерілген?
«Ойлан, жұптас, бөліс»
Дескрипторлар
Шығарманың идесын анықтайды;
Композициялық амалдардың рөлін талдайды.(кемінде 1-2)
Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдайды.
Дескрипторлар
Композициялық құрылымдық ерекшелігін аңғарады;(кемінде 3-4)
Қолданылған композициялық амалдарды талдайды(кемінде 3-4)
Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатына қарай әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдеби-синтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе, әдеби-салыстырмалы эссе, әдеби-шығармашыл эссе болып бөлінеді. Әдеби эссенің әрбір түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді. Әдеби-дәлелдеме эсседе ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Әдеби-салыстырмалы эсседетуындыны басқа туындымен және сол туындыдағы кейіпкерлерді, оқиға жайларын салыстыра отырып, талдап жазады.Әдеби-шығармашыл эсседе әдеби туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады. Әдеби эссенің әр түрінің мақсаты, жазылу ерекшеліктері бар. Мақсат, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады.
Тапсырма
Құлагердің өлімі арқылы автордың көздеген идесын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз.
Дескрипторлар
автордың көздеген идеясын түсінеді;
шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдайды;
әдеби эссе құрылымын сақтайды.
Кері байланыс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?