Шығарманың идеялық-композициялық ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 6-сабақ.


САБАҚ: қазақ әдебиеті

Мектеп: НЗМ

Мерзімі:

Оқытушы аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Бөлім: Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы: Шығарманың идеялық-композициялық ерекшелігі

Сабақтың оқу мақсаттары

9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау;

9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;

 Сабақтың мақсаттары

І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасының композициялық амалдарын талдайды.

«Құлагер» поэмасының идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

 Бағалау критерийлері

  • поэмада қолданылған композициялық амалдарды талдайды.
  • поэманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдайды.
  • әдеби эссе жазады.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексикология мен терминология:

Диалог пен айтылымға арналған тіркестер:

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Алдыңғы білім

Бұл бөлімде оқушылар 8-сыныпта меңгерген тілдік дағдыларын одан әрі дамытады.

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

3 минут

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері белгіленеді.

5 минут

10 минут

2 минут

18 минут

2 минут

№1 тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы төмендегі сауалдар жөнінде ойланып, жұптасып, бөліседі.

  • Сауалдар:
  • 1.«I. Жансүгіров қаза, қайғы қасіретті ғана суреттеумен

тынбады, соны тудырған элеуметтік орта, заман туралы сыр шертті, Ақан өмір сүрген заманның реалистік картинасын жасады, сол заманға тән құбылыстарды айқын көрсете білді» деген пікірмен қаншалықты келісесіз?

  • 2.«Құлагер» атты поэмасының құрылысында, көркемдік

түзілімінде құнарлы өзгешеліктер бар. «Құлагер» поэмасының Толғану деп аталатын беташар тарауындаақын өзінің әлеуметтік — қоғамдық позициясын, көркемдік — сұлулық идеалдарын ашық жариялап, оқырманмен емен -жарқын сырласады» деген пікірдің астарында автор қандай композициялық амалды меңзейді?

3.Мұрат Әуезов «Иппокрена» атты философиялық еңбегінде «Құлагердің ажалы — көшпелі өркениеттің күйреуінің символы деп жазды. Атынан айырылған қазақ асылын, негізін, жаратылысын жоғалтады. Сондықтан салтанатынан айрыла бастаған ұлттық трагедия — поэманың астары болса керек» деген пікірімен келісесіз бе? Шығармада қандай жаһандық мәселе көтерілген?

Дескрипторларға сай бағалау жүргізеді:

  • Шығарманың идесын анықтайды;
  • Композициялық амалдардың рөлін талдайды.(кемінде 1-2)
  • Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдайды.

№2 тапсырма. Оқушылар шығарманың композициялық құрылымына сай қолданылған амалдарды талдайды.

Дескрипторларға сай бағалау жүргізіледі:

Композициялық құрылымы

Автордың қолданған композициялық амалы

1.

Басталуы

Сағынай асына Ақан серінің Құлагер атпен жалғыз келуі.

2.

Дамуы

Ақан сері мен Батыраш байдың кездесуі.

3.

Шиеленісуі

Батыраш байдың қызғаныштан бірінші келе жатқан Құлагерді өлтірткізуі.

4.

Шарықтау шегі

Ақанның қайғыруы. Елден-жерден кетуі.

5.

Шешімі

Неше жылдар бойы ел есінде сақталған «Құлагер» әнінің өмірге келуі. Бүкіл

елдің өнер тағдырына бас ұруы.

  • Композициялық құрылымдық ерекшелігін аңғарады;(кемінде 3-4)
  • Қолданылған композициялық амалдарды талдайды(кемінде 3-4)

№3 тапсырма. Теориялық мәліметті жұбымен бірге талдайды.

Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатына қарай әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдеби-синтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе, әдеби-салыстырмалы эссе, әдеби-шығармашыл эссе болып бөлінеді. Әдеби эссенің әрбір түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді. Әдеби-дәлелдеме эсседе ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Әдеби-салыстырмалы эсседетуындыны басқа туындымен және сол туындыдағы кейіпкерлерді, оқиға жайларын салыстыра отырып, талдап жазады.Әдеби-шығармашыл эсседе әдеби туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады. Әдеби эссенің әр түрінің мақсаты, жазылу ерекшеліктері бар. Мақсат, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады.

№4 тапсырма. Құлагердің өлімі арқылы автордың көздеген идесын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Дескрипторларға сай бағалау жүргізеді:

  • автордың көздеген идеясын түсінеді;
  • шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдайды;
  • әдеби эссе құрылымын сақтайды.

Кері байланыс алынады.

www.4-mektep.kz/admin/file/download/25

Қосымша ақпарат

Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу