Адам жанының құпиясы. Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: 1 | Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 9-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | 3-бөлім. Адам жанының құпиясы Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар Ф. Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» сюжеттік-композициялық құрылысын талдау жасай отырып, тақырыбы мен идеясын ашады. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология: сюжет пен композиция, серік, сенім, аялау, азап, қайғы-мұң, қате мен жеңістер, қиындау тағдыр Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Диалог және айтылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын... | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жалпыадамзаттық құндылықтар:
Еліміздің құндылықтары;
| ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | тарих, өнер | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | бейнекөрсетілімдер | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен танысады. Осы сабаққа белсенді қатысу үшін « Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңінің мазмұнын оқып келеді. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | Қызығушылығын ояту Берілген суреттерді байланыстырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.
«Дейін-кейін» стратегиясы Оқушылар Фариза Оңғарсынова және оның шығармашылығы туралы не білетінін айтады, «Дейін» бағанын толтырады, бейнематериалды тыңдап «Кейін» бағанын толтырады. https://www.youtube.com/watch?v=JvUYbY3wWF8&t=34s Фариза Оңғарсынова өмірі мен шығармашылығы туралы бейнематериалды көреді. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут | Мағынаны тану сатысы Әдеби-теориялық ұғым Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі, оқиғаның тұтас желісі. Композиция (лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма) – көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция – құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. «Өлең, мен сені аялап өтем...» өлеңінің мазмұнымен танысады. 1-тапсырма ЖЖ. «Өлең, мен сені аялап өтем...» өлеңін композициялық құрылымына талдау жасайды. 1.Оқиғаның басталуы. 2.Оқиғаның байланысы 3.Оқиғаның шиеленісуі 4.Оқиғаның шарықтау шегі 5.Оқиғаның шешімі ‘Ф’ дұрыс/қатесін тексеру арқылы мұғалімнің кері байланысы. 2-тапсырма «Күлкімді, жайлы күнімді, азапты, қайғы-мұңымды өзіммен бөліскенің үшін, қатем мен жеңістерім үшін менің мынау қиындау тағдырым болып о баста көріскенің үшін Өлең, мен сені аялап өтем! - деген жолдар ақынның өлеңге көзқарасы қандай екені байқалады ма? деген тапсырма бойынша оқушы жұпта бір-бірімен ой бөліседі. 3-тапсырма Өлеңнің идеясы не? Қай жолдардан көрінеді? Оқушылар 4 адамнан құралатын топта «пирамидалық талқылау» әдісі арқылы жауап береді. Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды. Бағалау Дескриптор:
| ||||||||||||
Жаңа материалды бекіту 5 минут | Ж. «Жанрлық трансформация» тәсілі. Сабақта алған ақпараты мен түйген ойы бойынша «Жанрлық трансформация» тәсілін қолданып, қорытынды жасау. Жанрлық трансформация. Шығарманың бір шумағын алып, газеттік мақала немесе эссе түрінде ұсыну. | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «Тазалық» ойыны. Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:Шабадан (суреті), қоқыс жәшігі (суреті), еттартқыш (суреті)- Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды шабаданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар). | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
«Өлең, мен сені аялап өтем...»
Дара күндерімнің,
нала түндерімнің
серігі болғаның үшін,
сенімі болғаның үшін
мен сені аялаймын.
Біреудің пасықтығынан,
біреудің жасып мұңынан,
жүрегім сыздаған кезде,
жаным мұздаған кезде
мен сені саялаймын.
Біреудің күлкісін көріп,
бақыттының түр-түсін көріп,
шаттанып қалған шағымда,
жеткендей арман-сағымға,
қуаныштан дірілдеп денем,
алдыңа күлімдеп келем.
Ажалмен айқасқан сәтте
қыршын жас көз ілгенін көріп,
өткінші сезімдерді көріп,
кешегі "доспын" дегеннің
минутта жерінгенін көріп,
кімнен өшімді аларымды білмей,
кімдерге кінә тағарымды білмей,
алдыңа лапылдап келем,
жарылуға жақындап келем.
Өмірдің өткелдерінен
қиындық көп көргеніммен,
өртеніп от басқаныммен,
өзіңмен қоштаспадым мен.
Күлкімді, жайлы күнімді,
азапты, қайғы-мұңымды
өзіммен бөліскенің үшін,
қатем мен жеңістерім үшін
менің мынау қиындау тағдырым болып
о баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?