Б. Майлин «Шұғаның белгісі» повесі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 2-сабақ.


1.Өлеңді түсініп оқып, Шұғаның монологын жазыңыз. Шұғаның ойына осы өлеңді пайдаланыңыз.

«... Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды,

Буландырған, уландырған жас жанды.

Біз бір ғаріп паналаған саянда,

Жас жүректе мықты жара басталды.

Кірді нұрың, отты жақты ішіме,

Көтерем деп сене алмаймын күшіме.

Бірінші зар шықты тілден мұнданып,

Бұдан бұрын айтылмаған кісіге.

Жас жүректің жалқынды деп тілегі,

Жарамдысын сізден қалап тіледі.

Әзіріне үміт қаптың тауындай,

Жазмыс түрін жауап қайтса біледі.

Минут, сағат, күндік, айлық қол емес,

Тілейтінім, жүдейтінім ол емес.

Көрсе қызар, антын бұзар кылжақбас,

Тұрлауы жоқ әсіре қызыл мен емес.

Бір көргенде сикырланып ақыл-ой,

Бал сөзінде қалды ынтам бір қанбай.

Қырық бүктеліп келсе хатың тұмардай,

Жылы жүзбен көңілді жай кылардай.

«Болад» деген жалғыз ауыз сөз тапсам,

Көңіліме сақтар едім құрандай...»

2.Үзіндіні пайдаланып, «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты өлең жазып шығыңыз.

Шұғаның бейнесі

Апырым-ай, адамзатта ондай сұлу болады екен-ау!.. Акқудың көгілдірігіндей осы аппақ. Үстінде шетін кестелеген ақкөйлек, омырауын неше түрлі ілгіштермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан түлкі бөрік, өзі сұлу адамды мүлде одан жаман жандандырып, құбылдырып тұрды.

3.Өлеңді арқау етіп, «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.

«... Не мұндық, бұл дүниеде қыздар мұндық,

Атадан болып мұндық неге тудық.

Атадан мұндық болып тумас едік,

Бұрынғы ата-баба жолын қудық...»

Оқушылар жазған жұмыстарын ортаға салады. Бағалау критерийлеріне сай өзара бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

Шығарма үзінділерінде айтылған ойды түсінеді;

Көтерілген мәселені анықтайды;

Шығармашылық жұмыс жазады;

Өзіндік көзқарасын білдіреді;

Айтайын деген ойын нақты жеткізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу