Адам жанының құпиясы. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім. Адам жанының құпиясы

Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

Сабақтың мақсаттары

Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романының сюжеттік-композициялық құрылысын талдау.

Бағалау критерийлері

Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

сюжет пен композиция,

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және айтылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ... ойлаймын

Құндылықтарды дарыту

Жалпыадамзаттық құндылықтар:

  • адамгершілік, мейірімділік, әділдік;

Еліміздің құндылықтары;

  • рухани жаңғыру, ұлттық кодтың сақталуы.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

слайд

Осыған дейін меңгерілген білім

Бөлімнің бірінші сабағы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

Қызығушылығын ояту

Шығарманың мазмұнын еске түсіру мақсатында оқушылар төмендегі тұжырымдардың бірін таңдайды және оны шығарма желісінен мысал келтіріп дәлелдейді:

1. Ұлпан арзанға түспейтін қыз.

2. Ұлпан бес болыс Сибанның қамқор анасы.

3. «Менің Джокондам – Ұлпан» (Ғ.Мүсірепов)

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

10 минут

Мағынаны тану

Әдеби-теориялық ұғымды еске түсіру

Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі, оқиғаның тұтас желісі.

Композиция (лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма) – көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция – құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым.

1 тапсырма

Ж Шығармаға сатылай кешенді талдау жасаңыз.

Бағалау

Дескриптор:

  • шығарманың идеясын анықтайды;
  • пікірін мысалдармен дәйектейді.

2 тапсырма

ЖЖ Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасаңыз.

1.Оқиғаның басталуы.

2.Оқиғаның байланысы

3.Оқиғаның шиеленісуі

4.Оқиғаның шарықтау шегі

5.Оқиғаның шешімі

‘Ф’ дұрыс/қатесін тексеру арқылы мұғалімнің кері байланысы.

Бағалау

Дескриптор:

  • сюжеттік-композициялық құрылысын анықтайды;
  • сюжеттік-композициялық құрылысына өзіндік баға береді

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Тазалық» ойыны.

Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:Шабадан (суреті), қоқыс жәшігі (суреті), еттартқыш (суреті)- Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды шабаданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу