Адам жанының құпиясы. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 2-сабақ.


Сөзжұмбықты шешу арқылы сабақтың тақырыбын болжау жасаңыз

1 Есенейдің торы төбел аты.

2 Алдай руынан шыққан, «азырақ асыға, азырақ асыра сөйлейтін адам».

3 Есенейге іштей өш, кек алу үшін Ұлпанды масқара қылғысы арам сирақ.

4 Түрікпен Мүсірептің құдағиы

5 Өзі азғана талдырмаштау... Қасқыр қуған қыз емес, түйе жетелеп өскен. Бала біткен оны «Әяй-апа» десе, олдасы «Ақмаралым» деп еркелетеді.

6 Ұлпанмен «жұлдызы шақырайысып қарсы қарасып тұрған» адам, Ақтотының күйеуі –7 Шынармен қалжыңдасып қалса, көңілі көтеріліп, өзі мәз болатын қайнағасы.

Көркем бейнені жасауда автор келесі тәсілдерді қолданады:

1. Портрет, сырт келбетін сипаттау

2. Кейіпкердің іс-әрекеттері

3. Басқа кейіпкерлердің сөздері мен ойлары

4. Кейіпкердің өз ойлары

5. Кейіпкердің сөздері

6. Автордың өз ойы – өте күрделі тәсіл.

1 тапсырма Кейіпкер бойынша кесте толтырып, жұмыс жасаңыз.

1 топ – Ұлпан 2 топ – Есеней 3 топ – Мүсіреп 4 топ – Торсан

2 тапсырма

Бұл кейіпкердің автордың идеясын көрсетудегі рөлі қандай?

Дескриптор:

- кейіпкердің бейнесін ашу тәсіліне (әрқайсысына) сәйкес мәтіннен кемінде

5 аргумент келтірді;

- ақпаратты салыстыра отырып, өзіндік қорытынды жасай алды;

- автордың идеясын көрсетудегі кейіпкердің рөліне баға берді.

«Лимерик» ойыны

Ойын шарты: Белгілі бір құрылымға негізделген күлдіргі өлең шығару.

Өлең 5 тармақтан тұрады. Әр тармақтың мазмұнына сілтеме берілген:

Әр топ өз кейіпкеріне өлең /күлдіргі болуы міндетті емес/ шығарады.

1-тармақ - кейіпкер

2-тармақ - кейіпкерге мінездеме

3,4-тармақ - оқиға

5-тармақ - автор көзқарасы

Рефлексия

Бүгінгі сабақта алған ақпараттың алдағы өміріңізде пайдасы бар ма?

Сабақта қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?

Сізге қиындықты жеңу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу