Адам жанының құпиясы. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: 1 | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 9-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | 3-бөлім. Адам жанының құпиясы Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы троп пен фигура түрлерін талдап, автор стиліне баға беру | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдайды Автор стиліне баға береді. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология: троп пен фигура, тілді құбылту мен айшықтау, автор стилі. Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Диалог және айтылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ... ойлаймын | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жалпыадамзаттық құндылықтар:
Еліміздің құндылықтары;
| ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, өзін-өзі тану | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | слайд | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасалды | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылығын ояту Мына үзіндіден көркемдегіш құралдарды табыңыз: Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың, – деді аттанарда. – Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын. Менің құдайдан бірінші тілегім сенің амандығың! – деді Ұлпан. – Сенсіз мен кім болар едім? ...». - Құдайдың деймін-ау, саған қосқан еркегіңнің түрін қарашы! Басы қара қазандай... бар денесі ілбісіндей қара- шұбар... саусақтары таяқтай... деп өзін- өзі сынай- міней отыратын... - Құдайға менің өкпем жоқ, жолбарысым. Құдай маған еркекті екі есе етіп берген ғой,−деп Ұлпан да риясыз мақтайтын және риясыз мақтанатын... -Сұлу-ақ екен!... Бүкіл денесінде бір келіспей тұрған жері болсайшы! Қандай жарау, қандай сымға тартылғандай сұлулық. Осының сұлулығына қызықпай, көзге түссе-ақ қуа жөнелеміз. Сұлуды сойып етін жейміз. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут 10 минут | Мағынаны тану Әдеби-теориялық ұғымдарды еске түсіру Троп (грекше - tropos - бұрылыс, бұрма): 1) метафора; 2) кейіптеу; 3) метонимия; 4) синекдоха; 5) символ 6)аллегория. Фигура - Әдебиетте сөз тіркестерін дағдылы, синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру: 1) Арнау; 2. Қайталау; 3) Шектестіру; 4) Дамыту; 5) Инверсия; 6) Эллипсис. Тапсырма 4 оқушыдан тұратын топтар құрылады. Топтағы әр оқушыға қабілетіне сай рөл беріледі: 1-оқушы. Суреттеуші – шығарма мәтінінен кейіпкерлердің мінезі мен портретін ашатын үзінділерді табады. 2-оқушы. Зерттеуші – суреттеуші тапқан үзінделерден троп пен фигура түрлерін анықтайды. 3-оқушы. Қолданушы – құбылту мен айшықтаудың қолданылу ерекшелігін көрсетеді. 4-оқушы. Бағалаушы – автор стиліне баға береді. 1 топ – Ұлпан 2 топ – Есеней 3 топ – Шынар 4 топ – Мүсіреп Дескриптор: - троп пен фигура түрлерін анықтайды; - құбылту мен айшықтаудың қолданылу ерекшелігін көрсетеді; - автор стиліне баға береді. Бекіту «Егер де мен жазушы болсам. . .» Троп пен фигура түрлерін қолданып, қалаған кейіпкердің образын суреттейді. | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Блоб ағашы. | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?