Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Келісілді» | Әдістемелік бірлестік жетекшісі: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Сынып: 9Т1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім: Адам жанының құпиясы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 9.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | «Сағыныш» өлеңінен алынған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика және терминология: Авторлық идея,өмір шындығы, мазмұн Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын... Шығарманы оқуға,сюжетін меңгеруге, негізгі ойды анықтауға, қарама- қайшылықты анықтауға,оқиғасын болжауға және шығармашылық, сыни тапсырмаларға жетелейді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет теориясы, қазақ тілі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Төлеген Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығы қайталау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңі (Әр кезеңнің уақытын көрсету) | Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Білімнің өзектілігі 7 мин | Ой шақыру. Төлеген Айбергенов аңсаған әлем тақырыбындағы бейнебаянды көрсету. Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде дүниеге келген. 1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады.Балалық шағыНизами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959 - 62 ж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962 - 65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Құмдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет - кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай - ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол туралы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді. (слайд арқылы жоғарыда берілген қысқаша ақпаратты беру) |
You tube сайтынан –Төлеген Айбергенов туралы бейнебаян слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсат қою 3 мин | Оқушыларға сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижені түсіндіріледі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа материалды игеру 6 мин 15 мин
3 мин | 1-қадам. Сынып оқушыларын 1-2-3-4-ке санамалата отырып, 4 топқа бөле отырып, төмендегі өлеңді тыңдату: Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңін Гульмира Саринаның орындауындағы ән. 2-қадам. Шығармашылық жұмыс. Оқушылар 1, 2, 3 - орталық ойыны бойынша жұмыс жасайды. 1 - тапсырма: Оқушылар 1, 2, 3 - орталық ойыны бойынша жұмыс жасайды.Оқушыларды 3 топқа бөлініп, әр топ өз топ атын дайындайды.І - орталық. «Оқу» орталығы бойынша оқушылар төмендегідей тапсырмаларды орындайды.1. «Сағыныш» өлеңін оқып, мазмұнымен танысып, қысқаша мазмұндайды.2. Өлеңнің үзінділері (өздеріне ұнаған) бойынша сурет салу немесе шағын шығарма жазады.ІІ - орталық. «Жазу» орталығы бойынша жазбаша жұмыс жасайды.1. Өлеңге жоспар құру.2. Өлең тақырыбына байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жазу.ІІІ - орталық. «Ғылым» орталығы.1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтермен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 2. Кластер салу (постер арқылы) Бағалау. Кері байланыс бере отырып, топ арасында төмендегі бағалау кестесі арқылы бір-бірін бағалайды:
| «Сағыныш» өлеңін таратпа материалдар арқылу ұсыну | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақты бекіту 4 мин | 3 қадам. «Ақпарат кестесі» стратегиясы.Шығарма не жайлы Шығарманың тәрбиелік мәні Әр топ қысқаша шығарма жайлы түсінгендерін айтып береді | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия 2 мин | Оқушылар үшін рефлексия сұрақтары: Не білдім? Неге үйрендім? Не түсініксіз болды? Нені жақсартуым керек? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы | Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» жаттау (өздері қалаған үзіндіні) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?