Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаятындағы автор бейнесінің рөлі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 2-сабақ.
Ой шақыру
Бейімбет туралы айтылған Ілияс Жансүгіровтің сөзін талқылаудан бастаңыз. «6 Неліктен» стратегиясын қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз. Алдыңғы сабақпен байланыс орнатыңыз.
««Шұғаның белгісі» – театрдың үлкен бір ойыны. Бұл – драма күйінде үлкен шығарманың бірі. Бұл бір дәуірдегі бай мен бұқараның тұлғасын көрсетеді».
І. Жансүгіров
«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы
1. Неліктен Бейімбет әйел теңсіздігі мәселесіне көңіл бөлген? 2. Неліктен «Шұғаның белгісі» хикаятын қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі дейміз?3. Неліктен Бейімбет Майлинді – "қазақ әңгіме жанрының атасы" дейді?
4. Неліктен суреткер қайғылы Шұғаға бейтарап қарамайды?
5. Неліктен автор басты кейіпкерге аяушылық сезімін білдіреді?
6. Неліктен Бейімбет өз заманының қыздарымен салыстыру арқылы Шұғаны биікке көтереді?
6. Неліктен Бейімбетті «тамаша талантымен әдебиетіміздің төрінен ойып тұрып орын алған зерлі сөздің зергері» деп бағалайды?
1-тапсырма. Берілген ой-пікір аясында хикаяттан мысалдар келтіре отырып, дәлелді талдауыңызды ұсыныңыз.
«Майлин «Шұғаның белгісін» жазып, қолжазба журналда («Садақ») жариялағанда қазақ прозасы жанр ретінде жаңа туып-қалыптаса бастаған еді. Десек те, дәл осы шығарма суреткерлік шеберлік тұрғысынан пайымдағанда, күні бүгінге дейін қазақ повесінің үлгісі болып қалып отыр».
«Ойлану пирамидасын» қолдана отырып, әңгімеден дәлел келтіріңіз.
Әңгіменің негізгі ойы:
______________ _________________
Әңгімедегі мораль философиясын суреттейтін екі сөз:
__________ ____________ __________ ___________
Әңгімедегі ойдың маңыздылығын суреттейтін төрт сөз:
_______ _________ _________ ________ ___________________
3-тапсырма. Оқушылар «Шұғаның белгісі» хикаятының әр бөліміне ат қою арқылы негізгі оқиғаларға түсінік береді және берілген хикаят бойынша автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтайды.
Қос жолаушы
Сұлу қыз – Шұға
Кездесу
Учитель Әбдірахман
Ғашық жүректер
Хат.
Жабылған жала
Қоштасу
Айықпас дерт
Соңғы хат
Белгі
3-тапсырма. Шығарма желісі бойынша топ мүшелері проблемалық 2 сұрақтан құрастырады. Құрастырған сұрақтарын сағат тілімен келесі топтарға ұсынады. Басқа топтың оқушылары жауап береді.
Мысалы:
Шұғаның өліміне кім кінәлі?
Бағалау. «Бармақ» әдісін қолдана отырып бағалаңыз.
Бағалау дескрипторлары:
шығарма желісі бойынша дәлел келтіре отырып, талдауларын ұсынады;
талдау негізінде әңгімеден дәлел келтіреді.
автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтайды;
проблемалық сұрақтар құрастырады.
Кері байланыс. «Плюс, Минус, Қызықты»
«Плюс» – оң әсер еткен фактілер мен алған білімдерің жайлы жаз.
«Минус» – «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларыңды жаз.
«Қызықты» деген бағанға өзіңе қызықты болған жайтты немесе көбірек білгің келетін нәрсені жаз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?