Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.


Пән: Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 9

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Бөлім

Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы

Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты

Оқу мақсаттары

Анализ және интерпретация

9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

Сабақтың смарт мақсаты

  • Шығарма авторының стильдік ерекшелігін зерттеу отырып, креативті әңгіме жазу.

Бағалау критерийі

  • Автор стиліне сүйене отырып, әңгіме жазады.

Құндылықтарды дарыту

Ұлтжандылық, адамгершілік, мәдениеттілік

Пәнаралық байланыстар

Тарих, шығыс әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

Бастапқы білім

Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

5 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі Ж

Берілген пікір аясында әңгіменің өмірге келуі туралы білімдерін ортаға салады, пікір бөліседі.

  • В.Г.Белинский: «Былайша айтқанда, драмаға арқау бола қоймайтын, романға тапшылық ететін, бірақ ғасырлар бойы бастан кешіріп болмастай жайттарды қас қағым сәттің өзіне шоғырластыратын терең мәнді уақиғалар, жағдайлар болады. Әңгіме осындай құбылыстарды алады да, өзінің тар шеңберіне сыйғызып жібереді», - дейді. Айтылған пікір аясында сіздің ойыңыз қандай?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Суреттер

10 минут

10 минут

10 минут

5 минут

Мағынаны тану кезеңі ЖЖ

1-тапсырма. Оқушылар берілген сұрақтың аясында интерпретация жасайды.

  • Жазушы бұл шығарма арқылы оқырманға қандай ой айтқысы келді?

Интерпретациялауға арналған негізгі ақпараттар:

  • Шығарманың авторы және атауы. Жазылу тарихы, прототиптерді және кімге арналғанын айтып өту қажет.
  • Шығарма қандай жанрда, қандай бағытта жазылған?
  • Тақырыбы мен идеясы.
  • Сюжеттің негізгі оқиғасы, дамуы.
  • Мәтіндегі көркем бейнелер.
  • Әдеби әдістер – көркемдегіш құралдарды пайдалану, т.б.
  • Прозалық шығарманың тақырыптық ерекшеліктері.
  • Жазушы шығармашылығындағы туындының рөлі.
  • Прозаға жеке пікір.

ТЖ

2-тапсырма. Берілген үлгіні назарға ала отырып, В.Г.Белинскийдің айтқан ойы бойынша автордың жазу стиліне баға береді.

Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы

I. Кіріспе (экспозиция)

II.Негізгі бөлім:

а) оқиғаның байланысы

ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері

б) шешілуі

III. Қорытынды (эпилог)

ТЖ

3-тапсырма. Оқушылар шығарма авторының стильдік ерекшелігін зерттеп, жоғарыдағы үлгіні мысалға алып, автор стиліне сүйене отырып, креативті әңгіме жазады. Оқушылар бүгінгі өзекті тақырыпты арқау етеді. Топ оқушылары ең үздік жұмысты «Автор орындығы» әдісі арқылы көпшілікке ұсынады.

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Дескриптор:

  • автордың жазу стиліне баға береді;
  • шығарма авторының стильдік ерекшелігін зерттейді;
  • автор стилін сақтай отырып, креативті әңгіме жазды.

Ойтолғаныс кезеңі. Жеке жұмыс

Оқушылар сабақты бекіту мақсатында қорытынды жасайды.

5 минут

Кері байланыс

«5 саусақ» әдісі

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық.

Балан үйрек – маған түсініксіз болды.

Ортан терек – маған жеткілікті болмады.

Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім.

Кішкене бөбек – менің ұсынысым.

Қосымша мәлімет

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Пәнаралық байланысқа сілтеме

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемесі

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу