Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.
Сабақ жоспары
САБАҚ: | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 9 | Оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||
Сабақтың тақырыбы | Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы | ||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау; | ||||
Сабақтың мақсаттары | Шығарманың композициялық құрылымын, шығарманың идеялық мазмұнын талдай отырып, үзінділеріндегі негізгі ойды анықтау | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Әдеби сөз қолданыстар: аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен , аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері, Кенесары мен Есеней, кедейлік, тіл мәселесі, еліктеушілік,орыс мәдениеті, т.б Пән лексикасы және терминология:көксеу мен құрмет, мәңгіліктің мәңгілік мәселесі, елеусіз кірген дерт, жан мен жүректің ізгілігі Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Шыңғыс- Кенесары-Есеней, Ұлпан бейнесі, қоғам, т.б | ||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланатын уақыт |
| Дереккөздер | |||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылықты ояту кезеңі «Болжау» әдісі. Мұғалім оқушыларға романның прологын ұсынады. Ғабиттің жазушылығының, тұтас алғанда, өзіне тән бірнеше өзгешеліктері бар: бірінші – бойына сіңбеген тақырыпқа жасмаспайды; екінші - бойынатсіңірген тақырыбын тез жазып тастауға асықпайды,и сондықтан шығармаларының шикісі аз болады; үшінші – жазатын тақырыбына күн таңдайды, күйі жетпесе, игерген тақырыбын да жаза қоймайды; төртыншы – шығармасына өте ұқыпты,сондықтан хал – қадірі жеткенше олпы –солпысыз шығарады; бесінші – тілге үнемшіл, сипаттап, суреттеп отырған оқиғасына жәрдемі жоқ сөзді қолданбайды; алтыншы – жарқылдақ сөздерді көбірек қолданып, шешен сөйлеуге тырысады; жетінші - адам портретін жасауға қазақ шеберлерінің ең шеберінің бірі. Сәбит Мұқанов Оқушыларға болжау сұрақтары қойылады.
|
Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы | |||
Сабақтың ортасы
10 минут 10 минут 5 минут | Мағынаны тану Жұптық жұмыс орындалады. Оқушылар берілген үзіндіні оқып, жұптық тапсырманы орындайды. 1-жұптың тапсырмасы: 8-бет. «Осындай өжет жастарды Есеней қатты ұнататын еді»деген жерден «бір сәтке баласыздығы бойын билеп,бар ойы сол бала жігіттің соңынан кетіп бара жатқандай еді» деген жерге дейін оқиды. Тапсырма:
ҚБ Бағалау дескрипторы
2-жұптың тапсырмасы: Дүре соққың келмеп пе еді? Есенейге қыз көзімен бір қарап қалғанын өзі де сезбеген. ...Мінер жақ артқы аяғы ақ бақай,маңдайында төбелі бар,су төгілмейтін қара жорға тұр ғой,міне...! Аттың сипатын қалай берген. Кімнің атынан келтірді? Ол сөзді қолданған кім? Ал оны кейіпкер аузына салып беріп тұрған кім? Бұдан жазушының ел тарихын, ат өнерін, қазақтың ертедегі тұрмыс-тіршілігін суреттеу шеберлігін тани алдыңыздар ма? Ойларыңызды көркем тілмен мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді қолдана отырып жеткізіңіздер. ҚБ Бағалау дескрипторы
3-жұптың тапсырмасы: «Қыр жайлаулардан құлап келе жатқан Есенейдің жылқысы екенін аулы біліп отырған»деген жерден «Есеней жолдастарына қарады-«не істеу керек?» деген жерге дейін оқыңыз. Тапсырма: Қыр жайлаулардан құлап келе жатқан Есенейдің жылқысы екенін аулы біліп отырған.Қалың қара шұға жалбағай бет-аузын жауып кеткенімен,атандай қара кер аттың үстіндегі зор денелі адамның Есеней екенін Ұлпан да ішінен таныған. Жазушы Есеней портретін беруде суреттеудің қандай түрін қолданған? Есеней неге тығырыққа тірелді? Синоним,архаизм сөздерді қолданып, өз ойларыңызды қорғаңыздар.Мәтінде берілген мақал-мәтелдің мазмұнын, автордың қолданысын түсіндіріңіз. ҚБ Бағалау дескрипторы
4-жұптың тапсырмасы: «Есеней өмірінде айып тартып көрмеген адам,айып-жазасы болған адамдарға қатал жаза кесуді жақтайтын би еді» деген жерден «Өзі жетелеп жүрген Есенейдің «Мұзбел» дейтін торы төбел атын қара жорғамен бірге жетелеп алып,Кенжетай жөнеліп кетті» деген жерге дейін оқыңыз. Тапсырма: Есенейдің мінезінен нені байқадыңыздар. «Мұзбел»дейтін торы төбел атын қара жорғаға жетектетуінің себебін ашыңыз. Бұл жерден Есенейдің тағы қандай мінезін байқадыңыздар? Қазіргі өмірден мысалдар келтіре отырып,өз ойларыңызды мақал-мәтелдер қосып жеткізіңіздер. ҚБ Бағалау дескрипторы
5-жұптың тапсырмасы: 10-бет.»Есеней жолдастарына ендігі байламын айтты» деген жерден 11-бет «Тобыл, Бағлан, Стап,... жан сақтап келіп еді.» Шегініс туралы айтыңыз. Автор осыдан он бес жыл бұрынғы оқиғаны Есенейдің аузыне неге салды деп ойлайсыздар? Жер-су аттарын теріп жазыңыз Картадан ол жерлер қазір қай өңірге тиесілі екенін мысалдармен жеткізіңіз.Кенесары жасаған қазақ ауылының жағдайын автор неге олай суреттеді деп ойлайсыздар? Астарында не жатыр? ҚБ Бағалау дескрипторы
6-жұптың тапсырмасы: 11-бет.»Аманқарағай дуанына қарайтын» деген жерден «Кенесары ақылды адам болмай шықты» деген жерге дейін оқыңыздар.Есенейдің ойы дұрыс па? Оны сөйлетіп отырған автор ғой.Сонда жазушы қазақ өмірінен жаңалық, жақсылықты аңғарта ма? Сіздер қалай ойлайсыздар? Мысалдармен түсіндіріңіздер. 7-жұптың тапсырмасы: 2. «Қазақ соғыстарында» деген жерден « жолығып қайтуға жүріп кетті»деген жерге дейін оқыңыздар .12-бет. Есеней кім? Неге Кенесарыны қолдамайды? Егер қолдаса не болар еді? Өз ойларыңызды мысалдармен жеткізіңіздер.Қазіргі тәуелсіз Қазақстанмен байланыстырыңыздар. ҚБ Бағалау дескрипторы
8-жұптың тапсырмасы: «Аманқарағай дуанының аға сұлтаны» деген жерден,12-бет, «Жанай батырға соғылды» 13- бетке дейін оқыңыздар.Шыңғыс Уәлихановтың алдындағы Есенейдің беделі қандай? Шыңғыс төре неге ел ішінде екі оқты мінез танытады. Өз ойларыңызды тарихпен байланыстыра отырып жеткізіңіздер. ҚБ Бағалау дескрипторы
9-жұптың тапсырмасы: «Созылаар сөздің» деп басталатын жерден,13-бет, «қатты қорлау еді» деген жерге дейін.14-беттен оқыңыздар. Екі бидің тартысынан сол кездегі қазақ билерінің ,ескі мен жаңаның арасындағы тартыс көрінбей ме? Тілеуімбет туралы не айтасыздар? ҚБ Бағалау дескрипторы
10-жұптың тапсырмасы: «Тап осы тұста, 15-бет-тен енді оның теріскей жағына шығып кетті» деген жерге дейін оқыңыздар. Тілеуімбеттің беделі неге түсті? Оның шарпысып, тартысып жүргені ел қамы емес пе? Әлде Кімнің сойылын соғып, жыртысын жыртып жүр, деп ойлайсыздар? Өз ойларыңызды жан-жақты дәлелдеуге тырысыңыздар. ҚБ Бағалау дескрипторы
Бағалау түрі: жұптық бірін – бірі бағалау | ||||
Сабақты бекіту 3 минут | Ой толғаныс Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім | ||||
Сабақтың соңы 2 минут | Кері байланыс. «Сұрақ-жауап» әдісі 1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды? 2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз? 3. Сіз үшін бүгін не қиын болды? 4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз? 5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды? | ||||
Үй тапсырмасы | «Ұлпан» романының толық нұсқасын оқу |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?